«Алакөл аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізутуралы

Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8-бабының 5 тармағына, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік  қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа
қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы  № 12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкесБҰЙЫРАМЫН:

  1. «Алакөл аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ-сі бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды ұйымдастыруға жауапты тұлға ретінде жетекші маман Кайдаров Нұрлан Елтаевич бекітілсін.
  2. 2021 жылдың 12-16сәуір аралығында «Алакөл аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілсін.
  3. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі жұмыс тобының құрамы бекітілсін.
  4. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылсын:

1) бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

2) бөлімнің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

  1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің жалпы кезеңі 2021 жылдыңIтоқсаны болып белгіленсін.
  2. Алакөл аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы ішкі талдау аяқталған күні талдамалық анықтамамен таныстырылсын.
  3. Алакөл аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысының 2021 жылғы 15 қаңтардағы №4 бұйрығының күші жойылсын.
  4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау бөлімнің жетекші маманы Н.Кайдаровқа жүктелсін.

 Бөлім басшысы                                          А.Садиев

 

Алакөл аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің "қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері туралы» АНАЛИТИКАЛЫҚ ТАЛДАУ
Дата публикации
06 мая 2021