«Аудандық кәсіпкерлік бөлімі» ММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы

Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8-бабының 5 тармағына, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

 

  1. Алакөл аудандық кәсіпкерлік бөлімі ММ сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды ұйымдастыруға жасаупты тұлға ретінде бөлімнің бас маманы Шаяхметова Шынар Бақтұрқызына бекітілсін.
  2. 2021 жылдың 6-9 сәуір аралығында «Алакөл аудандық кәсіпкерлік бөлімі» ММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілсін.
  3. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі жұмыс тобының құрамы бекітілсін.
  4. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылсын:
  • бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілерді сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
  • бөлімнің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
  1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің жалпы кезеңі 2021 жылдың І тоқсаны болып белгіленсін.
  2. Алакөл ауданы әкімінің орынбасары А.Қабаевқа ішкі талдау аяқталған күні талдамалық анықтамамен таныстырылсын.
  3. Осы бұйрықтың орындалуын қадағалауды өзіме қалдырамын.

 

 

Бөлім басшысы                          Д.Жуандықов

 

«Алакөл аудандық кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері бойынша талдамалық анықтама
Дата публикации
06 мая 2021