«Алакөл ауданының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8-бабының 5 тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы  № 12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Алакөл ауданының құрылыс бөлімі» ММ-сі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды ұйымдастыруға жауапты тұлға ретінде бас маман Акатаев Бауыржан Қуанышұлына бекітілсін.
  2. 2021 жылдың сәуір айының 5-9 аралығында «Алакөл аудандық құрылыс бөлімі»ММ-сі қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілсін.
  3. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі жұмыс тобының құрамы бекітілсін.
  4. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылсын:

1) бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

2) бөлімнің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

  1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің жалпы кезеңі  2021 жылдың I тоқсаны аралығы болып белгіленсін.
  2. Алакөл ауданы әкімінің орынбасары Д.О. Қанағатов ішкі талдау аяқталған күні талдамалық анықтамасымен таныстырылсын.
  3. Осы бұйрықтың орындалуын өзіме жүктеймін.

 

 

Бөлім басшысы                                      М. Жулкайнаров

        

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерине ішкі талдау жургізу жөніндегі жұмыс тобының құрамы
Дата публикации
06 мая 2021