Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл туралы» Заңының 8 бабының 5 тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл агентігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
- Осы бұйрықтың«Алакөл аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды ұйымдастыруға жауапты тұлға ретінде бөлімнің бас маманы Оспанов Темірлан Қуандықұлы бекітілсін.
- 2021 жылдың 5 - 9 сәуір аралығында «Алакөл аудандық ішкі саясат бөлімі» ММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілсін.
- қосымшасына сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі жұмыс тобы құрамы бекітілсін.
- Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылсын.
- Бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
- Бөлімнің ұйымдастырушылық – басқарушылық қызметіндегі сыбайласы жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
- Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің жалпы кезеңі 2021 жылдың І тоқсан болып бекітілсін.
- Аудан әкімінің орынбасары М.Төлеужановқа ішкі талдау аяқталған күні талдамалық анықтамасымен таныстырылсын.
- Осы бұйрықтың орындалуы өзіме қалдырылсын.
Бөлім басшысы Б.Айтахметов