Аудан әкімдігінің 2020 жылғы 28 желтоқсандағы «Ауданның денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру,мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы, ауылдар, кенттер ауылдық округтер әкімдері аппаратының мемлекеттік қызметшілер бойынша сұранысқа ие мамандықтардың тізбесін бекіту туралы» №374 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31,37 баптарына, «Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер ауылдық округтер әкімдері аппаратының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 30 қыркүйектегі  № 72 бұйрығы,  «Алакөл аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ-нің 2021 жылдың 20 сәуірдегі №62 хатына сәйкес аудан  әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Алакөл ауданы бойынша «Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы, ауылдар, кенттер ауылдық округтер әкімдері аппаратының мемлекеттік қызметшілері» бойынша 2021 жылға сұранысқа ие мамандықтардың тізбесіне қосымшаға сәйкес өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін.
  2. «Алакөл аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Ж.Т.Көкенова осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
  3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.М.Қабаевқа жүктелсін.

 

Аудан  әкімі                                        А.С.Абдинов

 

 

 

 

Дата публикации
23 апреля 2021