2021 жылы барлық деңгейдегі әкімдердің тұрғындар алдында есеп беруі кезінде, барлығы 5 ескертпелер мен ұсыныстар, оның ішінде аудан әкімінің есебінде – 5 ескертпелер мен ұсыныстар айтылды.
2020 жылдың I- ші тоқсанына жоспарланған 1 ұсыныс – Қарабұлақ ауылындағы саябақты абаттандыру және көгалдандыру. «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында 15 млн. 287 мың теңге қаражат қарастырылған. Қазіргі уақытта саябақ аумағын абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарын жүргізу үшін ашық конкурсқа жарияланған. Конкурс қорытындысы бойынша мердігер мекеме анықталып, жұмыстар атқарылады.
Аудан әкімінің және ауылдық округтер әкімдерінің есеп беру кездесулері кезінде айтылған азаматтардың ұсыныстары мен ескертпелерін жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарларының орындалу барысы тоқсан сайын аудандық «Алакөл» газетіне және ресми сайтқа жариялануда.
Б.Сүлейменов
Г.Нуршина
8/72833/2-14-54