Қазақстан Республикасы Үкіметінің 18.09.2013 жылғы № 983 қаулысымен бекітілген мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес, Алакөл ауданы әкімдігінің 9 бөлімдерімен және 24 ауылдық округ әкім аппараттарымен мемлекеттік қызметтер көрсетіледі.
Тегін - 84 және (немесе) ақылы негізде - 8, ақылы/тегін негізде – 8 қызмет көрсетіледі.
Қағаз нысанда - 16 және (немесе) электрондық- 25, баламалы түрде - 43 (мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы толық мәлімет сайтында «Мемлекеттік қызметтер» тарауында көрсетілген).
Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарында белгіленген. Қызмет алушыларға қол жетiмдi және ақпараттандыру мақсатында мекеме ғимаратында көрнекi — ақпарат стенды (стандарттар мен өтiнiштер үлгiсi орналастырылған, шағымдар мен ұсыныстарды есепке алу журналдары арналған) халыққа қызмет көрсету орталықтарында, бұқаралық ақпарат құралдарында және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жөнінде мәліметтер аудан әкімінің сайтына орналастырылды.
2021 жылдың 1 тоқсанында 50 түсіндіру іс – шаралары өткізілді .
Ауданның мемлекеттік органдарымен Алакөл газеттерінде 8 мақала, 42 түсіндіру жұмыстары, 20 семинар, 10 eGov mobile, 12 Digital agent, "Telegram" мобильді қосымшалары арқылы.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылаудың 2021 жылдың 1 тоқсаны бойынша:
Алакөл ауданында көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша 2021 жылы барлығы 4 482 мемлекетік қызметтер көрсетілді, оның ішінде:
1) мемлекеттік корпорация арқылы көрсету мүмкіндігі болса да, қызметті берушілермен қағаз түрінде көрсетілген қызмет саны – 114.
2) электрондық түрде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 2012.
3)электрондық түрде, электрондық Үкімет арқылы (egov.kz,elicence.kz)- 1075.
4) ХҚКО арқылы – 1 281.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істер министрінің 2016 жылғы 8 желтоқсандағы №78 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларына сәйкес, мемлекеттік қызмет көрсетулерінің сапасына ішкі бақылау жүргізу бойынша іс-шара жоспары бекітілді.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына жүргізілген ішкі бақылаудың нәтижесіне сәйкес: жүргізілген бақылау объектілерінің саны – 3. Заң бұзушылықтар анықталмады.
Есепті кезеңде қызмет алушылардан мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымдар түскен жоқ.