« 13» қараша 2021 ж. Әшім ауылы
Қатысқандар: 39 адам.
Ауыл тұрғындары: 30 адам (тізім бойынша)
Жергілікті қоғамдастық мүшелері: 9 адам (тізім бойынша)
Қатыспағандар: 21адам
Күн тәртібінде
Жыланды ауылдық округіндегі Әшім ауылына қарасты бір қайталама көшеге Оспанов Темеш атауларын беру туралы.
Ауылдық округ әкімі Садуакасов Максут Аскарбекович жиналған ауыл тұрғындарына ауыл азаматы Оспанов Берік Темешовичтан Әшім ауылына қарасты бір қайталама көшеге Оспанов Темеш атауын беру туралы ұсыныс түскенін хабардар етті.
Сөйлегендер: Ауыл азаматы Оспанов Берік Темешович- Оспанов Темеш атауларының тарихымен таныстырып шықты.
Ауыл тұрғыны, ақсақалдар алқасы мүшесі Шерубеков Мухтар
Қымбатты жерлестер! Ауылымыздың көшелеріне атау беру, жер-суымызға атау беру арқылы өмір суріп отырған қоғамның талабына сай қадам баспақпыз. Өткенге құрметпен қарауды жас ұрпаққа үйрету біздің міндетіміз. Сол себептен барлығынызды осы ұсыныстарды қолдауға шақырамын.
Абсалихов Сериккали Болатханович – мектеп директоры
Қымбатты ауылдастар!Тарихымыздың жабулы беттерімен таныса отырып, халқымыздың сан қырлы өмір жолына терең көз жүгіртуге қол жеткен уақытта найзаның ұшымен, білектің күшімен кең-байтақ жерімізді біздерге мұра етіп қалдырған.
Әшім ауылына қарасты бір қайталама көшеге Оспанов Темеш атауларын беру ауыл тұрғындардың көптен күткен арманы.
Өз сөзінде күн тәртібіндегі мәселе бойынша аталған ұсынысқа қарсы еместігін білдірді
Бір ауыздан 39 /отыз тоғыз/ адам қолдады
Қарсы-жоқ
Қалыс-жоқ
Төмендегідей шешім қабылданды :
Жыланды ауылдық округіндегі Әшім ауылына қарасты бір қайталама көшеге Оспанов Темеш атауларын беру туралы ұсыныс ауыл әкімі атынан, аудандық өкілетті және атқарушы орынға тиісті құжаттар ( түсіндірме жазбаша хат, экономиқалық есеп-қисап мөлшері) дайындалып жіберілсін.
Төрағасы : М.Садуакасов
Хатшысы: Л.Джабыкбаева