Үшарал қалалық округі әкімінің қалалық округ тұрғындарымен өткен жиналысының хаттамасы Х А Т Т А М А С Ы

26.03.2021 ж.                                                                             Үшарал қаласы

Сағ: 15 : 00                  

Үшарал қалалық округі әкімі аппаратының акт залы

 

Төраға : Үшарал қалалық округі әкімі: М.О.Сайдильдинов

Хатшы :Үшарал қалалық округі әкімі аппаратының бас маманы:           П.Қожабеков

 

Қатысқандар:

Қала әкімі аппаратының қызметкерлері, қала тұрғындары, учаскелік полиция  инспекторлары.

         Барлығы – 25 адам.

 

                                      Күн тәртібінде:

  1. Қайталанатын Жеңіс көшесіне атау беру;
  2. Қайталанатын Стебляков көшесіне атау беру;
  3. Қайталанатын Әлібаев көшесіне атау беру.

 

Тыңдалды:

Үшарал қалалық округінің әкімі Сайдильдинов Мақсұт Омарұлы. 

Құрметті округ тұрғындары! Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы №138 қаулысымен бекітілген қағидаларға сәйкес Әкімшілік аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының траскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларына сәйкес Үшарал қаласында екі мәрте қайталанатын Жеңіс көшесі, емес Стебляков көшесі, Әлібаев көшелерінің атауын өзгертуге  2021 жылдың 20 ақпаны күні жергілікті аудандық қоғамдық-саяси «Алакөл» газетінің №8 басылымында хабарландыру жарияланған. Хабарландыруда жиналыс өткізілетін орны мен уақыты белгіленді. Алайда Алматы облысының бас санитарлық дәрінгерінің қаулысына сәйкес карантиндік шаралар мереке күндеріне күшейтілуіне байланысты жиналыс өткізілетін күн кейінге шегерілді.

Қаламыздың ақсақалдар кеңесінің ұсынысы бойынша қайталанатын Жеңіс көшесіне – Қазақстан Республикасының халық әртісі Зейнеп Төлембеққызы Қойшыбаеваның;

Қайталанатын Стебляков көшесіне – Алакөлдің ақыны Арап Әмірұлының;

Қайталанатын Әлібаев көшесіне – Алакөл ауданының құрметті азаматы Жолжанов Исағұлдың есімін беру ұсынылуда.

        

 

 

Сөйлеушілер:   

 

Қала әкімінің орынбасары А.Абишев: Құрметті бүгінгі жиналысқа қатысушы қала тұрғындары! Күн тәртібіндегі мәселе – ардақты жандарға құрмет көрсетіп қана қоймай, өскелең ұрпаққа өнеге ретінде болсын деген ниетпен, сонымен қатар қайталанатын көшелер қызмет барысында қиындықтар тудыруы мүмкіндігінен туындап отыр. Сол себепті жиналған көпшілік пікірлеріңізді білдіріп дауысқа салуларыңызды сұраймыз.

 

Ауданның «Құрметті азаматы» С.Ақтымбаев:

Ұлыс оң болсын құрметті жерлестер! Жеңіс көшесі, Стебляков көшесі, Әлібаев көшесі екі реттен қайталанады. Сондықтан күн тәртібіндегі мәселені қарап отырғандарыңыз орынды. Қайталанатын көшелерге З.Қойшыбаеваның, А.Әмірұлының және И.Жолжановтың есімдерін беру дұрыс шешім болар деп ойлаймын.

З.Қойшыбаева Алакөл ауданы Қазақстан ауылының тумасы, халық әндерінің орындаушысы, 1957 жылы Мәскеуде өткен жастар мен студенттердің дүниежүзілік фестивалінің күміс жүлдегері болған.

 

Қ.Найманбаева: Құрметті жиналған қауым! Жиналыстағы мәселе бойынша мен қолдауымды білдіремін. Себебі аталған үш тұлға осындай құрметке лайықты деп санаймын. Арап Әмірұлы шындықты жырлаған. Мысалы бізге мәлім бір өлен шумағы:

         Колхоздың аты Құрамыс,

         Жалғыз құрақ суы бар.

         Қисаңдатып бұрамыз.

         Жазды күні шілде болғанда,

         Халықты қойдай қырамыз. Деп Кеңестік құрылысқа қарсы етіп айыпталуға жетіп абақтыға қамалған. Саяси қуғын сүргін құрбаны болған, ақынның 125 жылдығына орай Үшарал қаласынан көше атауын беруді қолдаймын.

 

Б.Жанпейісов: Қайырлы күн жиналған қауым! Алдымда сөйлеген замандастардың сөзіне қосылам. З.Қойшыбаеваның, А.Әмірұлының және И.Жолжановтың есімдерін беру дұрыс шешім деген пікір білдіремін. Қала аумағы өсуде. Сол себепті осы үш тұлғаға қаламыздың көшелерінің атауын беру артық емес.

Төраға: Құрметті бүгінгі жиналысқа қатысушылар! Жиналыс барысында Үшарал қаласының қайталанатын Жеңіс көшесіне – Қазақстан Республикасының халық әртісі Зейнеп Төлембеққызы Қойшыбаеваның;

Қайталанатын Стебляков көшесіне – Алакөлдің ақыны Арап Әмірұлының;

Қайталанатын Әлібаев көшесіне – Алакөл ауданының құрметті азаматы Жолжанов Исағұлдың есімін беру ұсынысы түсті. 25 адам бір ауыздан қолдап, қарсы, қалыс  жоқ.  Бір ауыздан қабылданды.

Үшарал қалалық округінің тұрғындарының пікірлерін талдай келіп жалпы жиналыс

 

                                         Шешім қабылдады:

 

  1. Үшарал қалалық округінің тұрғындарының пікірлері назарға алынсын;
  2. Алакөл ауданының әкіміне Үшарал қаласының қайталанатын негізгі Жеңіс көшесіне – Қазақстан Республикасының халық әртісі Зейнеп Төлембеққызы Қойшыбаеваның есімін беру туралы ұсыныс хаты жолдансын;
  3. Қайталанатын Стебляков көшесіне – Алакөлдің ақыны Арап Әмірұлының есімін беру туралы ұсыныс хаты жолдансын;
  4. Қайталанатын Әлібаев көшесіне – Алакөл ауданының құрметті азаматы Жолжанов Исағұлдың есімін беру туралы ұсыныс хаты жолдансын.

 

 

Жиналыс төрағасы                                          М.Сайдильдинов

        

   Хатшы                                                     П.Қожабеков

 

 

 

Дата публикации
03 апреля 2021