Алакөл аудандық мәслихатының 2020 жылғы 28 желтоқсандағы № 81-1 «Алакөл ауданының 2021-2023 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 106-бабының 4-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі   басқару туралы» 2001 жылғы                   23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының  6-бабының 1-тармағының               1) тармақшасына сәйкес, Алакөл аудандық мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. 1. Алакөл аудандық мәслихатының «Алакөл ауданының 2021-2023 жылдарға арналған бюджеті туралы» 2020 жылғы 28 желтоқсандағы № 81-1 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5859 тіркелген, 2021 жылдың 11 қаңтарында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

         көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редақцияда баяндалсын:       

         «1. 2021-2023 жылдарға арналған аудандық бюджет тиісінше осы шешімнің 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2021 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер 13 892 917 мың теңге, соның ішінде:

салықтық түсімдер 2 023 233 мың теңге;

салықтық емес түсімдер 12 704 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер 31 630 мың теңге;

трансферттер түсімі 11 825 350 мың теңге, оның ішінде;

2) шығындар 13 893 248 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу 46 603 мың теңге, соның ішінде:

бюджеттік кредиттер 70 008 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу 23 405 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо 0 теңге:

қаржылық активтерді сатып алу 0 теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер 0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) (-) 46 934 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану)             46 934 мың теңге:

қарыздар түсімі 70 008 мың теңге;

қарыздарды өтеу 23 817 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары 743 теңге.

  1. Көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.
  2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алакөл аудандық мәслихатының «Депутаттық өкілеттік, бюджет, экономика, заңдылықты сақтау, құқықтық қорғау және қоғамдық ұйымдармен байланыс жөніндегі» тұрақты комиссиясына жүктелсін.
  3. Осы шешiм 2021 жылғы 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгiзiледі.

 

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

 

 

Дата публикации
05 марта 2021