Хаттамасы
12.01.2021 ж. Қабанбай ауылы
Қатысқан адам саны – қоғамдастық мүшелері 9 адам, ауыл тұрғындары 58 адам. Барлығы 67 адам.
Төраға Қ.Қ.Қабдылдаев
Хатшы А.Н.Қыдырбаева
Күн тәртібі:
Қабанбай ауылының орталық саябақтын атауын жазушы қайраткер Әнуар Әлімжанов есімін беру туралы.Тындалды: Округ әкімі Қайрат Құттыбекұлы Қабдылдаев
Әнуар Әлімжановтың өмірбаянымен таныстырып шықты, түсініктеме екі тілде айтылды.
Ақсақалдар алқасы төрағасы Нұрасыл Айтжанұлы Нукебаев ауыл, көше атауына өзгерістер енгізу, жер-суымызға тарихи атауларын қайтару арқылы өмір сүріп отырған қоғамның талабына сай қадам басу, өткенге құрметпен қарауды жас ұрпаққа үйрету біздің міндетіміз екендігін ескере отырып жазушы қайраткер Әнуар Әлімжановтың есімімен Қабанбай ауылындағы орталық саябақты атауды ауыл тұрғындарынан осы ұсынысты қолдауларын сұрады. Есімі ел есінде қалуы тиіс ұсынысты қолдаймын.
Дюсебаева У.Б.- зейнеткер, Әнуар Әлімжановтын есімі өтте жақсы танитынмын әдеби кітаптардан, журнал- газеттерден көп оқығам, саябақтың атын беруге қарсы еместігін, ұсынысты қолдайтының жеткізді.
Аксамбаева К.М. - Қымбатты жерлестер! Тарихымыздың жабылуы беттерімен танысып отырып, халқымыздың сан қырлы өмір жолына терең көз жүгіртуге қол жеткен уақытта олардың еңбегін немере-шөбереге жеткізудің бір жолы, олардың атымен саябақты атау. Осы ұсынысты қолдамаққа келген сіздерге ризашылығымды білдірем. Ұсынысты қолдаймын.
Жиын мүшелері өзгерту барысында даусқа қосылды.
Дауысқа салайық.
Қарсы. Жоқ
Қалыс. Жоқ
Қолдаған адам саны – 67
Бірауыздан қабылданды.
Жиынды қортындылай келе,күн тәртібіндегі мәселе бойынша
Қабылданған шешім:
Қабанбай ауылының орталық саябағын жазушы қайраткер Әнуар Әлімжановтын есіміне өзгерту мақсатында ауыл әкімі атынан, аудандық өкілетті және атқарушы орынға тиісті құжаттар түсіндірме жазбаша хат,экономиқалық есеп-қисап мөлшері дайындалып жіберілсін.
1.Түсіндірме жазбаша хат
2.Хаттама көшірмесі
3.Есеп-қисап
Жиын төрағасы Қ.Қ.Қабдылдаев
Хатшысы А.Н.Қыдырбаева