2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 106-бабының 4-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Алакөл аудандық мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:
көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редақцияда баяндалсын:
«1. 2021-2023 жылдарға арналған аудандық бюджет тиісінше осы шешімнің 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2021 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер 13 792 917 мың теңге, соның ішінде:
салықтық түсімдер 2 023 233 мың теңге;
салықтық емес түсімдер 12 704 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер 31 630 мың теңге;
трансферттер түсімі 11 725 350 мың теңге, оның ішінде;
2) шығындар 13 942 878 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу 46 603 мың теңге, соның ішінде:
бюджеттік кредиттер 70 008 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу 23 405 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо 0 теңге:
қаржылық активтерді сатып алу 0 теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) (-) 196 564 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) 196 564 мың теңге:
қарыздар түсімі 70 008 мың теңге;
қарыздарды өтеу 23 405 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары 149 961 теңге.
Алакөл аудандық Алакөл аудандық
мәслихаттың сессия төрағасы мәслихаттың хатшысы