15.01.2021 ж сағат:11.0
Ұйымдастырушы: аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру бөлімі
Қатысушылар: 50 адам (округ әкімдері мен жауапты мамандар)
Құрметті семинар-кеңеске қатысушылар!
Мемлекет басшысының «Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» 2016 жылғы 5 ақпандағы № 190 Жарлығына сәйкес барлық деңгейдегі әкімдерге 2020 жылдың бірінші тоқсанында халық алдында есеп беру кездесулерін өткізулері қажет. Осыған байланысты Алакөл ауданы әкімінің, Үшарал қаласының, ауылдық округ әкімдерінің есепті кездесулері 2021 жылғы 18 қаңтар мен 04 ақпан аралығында өткізіледі. Сол себепті, бүгінгі семинарға бас қосып отырмыз.
Семинарға аумақтық округ әкiмдерi мен жауапты мамандар шақырылып отыр.Шақырылғандар негізінде келді.
Семинарды ашық деп жариялаймын.
Бүгінгі семинар-кеңесте бір мәселе қаралады:
1.Барлық деңгейдегі әкімдердің есептік кездесулерін ұйымдастыру тәртібі туралы
Ақпарат беруші: аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру бөлімінің басшысы Г.А.Нуршина
Күн тәртібіндегі мәселені қарауға көшеміз.
Сөз, ақпарат беру үшін аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру бөлімінің басшысы Гульмира Аманбайқызы Нуршинаға беріледі.
(Г.Нуршинаның ақпараты)
- Қазақстан Республикасы Президентінің «Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» 2016 жылғы 5 ақпандағы № 190 Жарлығымен таныстыру.
- Округ әкімдеріне 2021 жылдың 6 қаңтарында № 7204-72/23 қызметтік хатпен жолданған Ұсынымдармен таныстыру.
Әкімдердің есеп беру кездесулерін өткізу бойынша
ұсынымдар
Пандемия кезінде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау мақсатында облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктеріне әкімдердің халық алдында есеп беру кездесулерін өткізу кезінде:
- Заманауи коммуникациялар мен әлеуметтік желілерді қолдана отырып (Facebook, Instagram), тұрғындар тарапынан пікір білдіру мүмкіндігімен және кейіннен мүмкіндігінше онлайн режимде әкіммен жауаптарды ұсына отырып, барлық деңгейдегі әкімдердің есеп беру кездесулерін онлайн форматта өткізу.
- Алдын ала (10-14 күн бұрын) өңірлік БАҚ (теледидар, радио, әкімдіктердің әлеуметтік желілердегі ресми парақшалары және т.б.) арқылы халыққа есеп беру кездесулерін өткізу күні, уақыты және орны туралы хабарласын. Онлайн қосылу мүмкіндігі жоқ өңір тұрғындары үшін жазбаша форматта сұрақтар жинау үшін жәшік орнату.
- Есеп беру кездесулерін өткізу кезінде техникалық қамтамасыз ету және техникалық проблемаларды (дыбыстың, суреттің болмауы, интернеттің төмен жылдамдығы және т. б.) болдырмау мәселесін пысықтау.
- Есеп беру кездесулерін өткізу кезінде «халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидаттарын қамтамасыз ету қажет. Осыған байланысты, кездесу барысында айтылмаған сұрақтарға жауап беру үшін кері байланысқа контактілерді ұсыну ұсынылады. Бұл ретте, мәселелерді бір мезгілде олардың басымдылығымен санаттар бойынша жіктеуді қамтамасыз ету.
- Есеп беру кездесулерін өткізгенге дейін Telegram-бот арқылы азаматтардың мәселелерін жинауды өткізу. Өтініштерге жүргізілген талдау, сондай-ақ Telegram-ботқа келіп түскен сұрақтарды пысықтауқорытындылары бойынша, жиі қойылатын сұрақтар пулын қалыптастыру (оларға жауаптар дайындау және оларды есепті кездесу алдында әкімге енгізу).
- Есепті кездесудің қорытындылары бойынша халықтың мәселелері, түсініктемелері мен ұсыныстары бойынша оларды салалар мен санаттар бойынша жіктей отырып, талдау жүргізу. Ресми интернет-ресурстарында (әкімнің сайтында, Facebook, Instagram, Telegram) жариялай отырып, барлық сұрақтар мен түсініктемелерді талдау және қарау қорытындылары бойынша толық жауаптар қалыптастыру.
- Жауап беруді барынша құзыретті мамандар (бірінші басшылар) қамтамасыз етуі тиіс. Блогерлер (пікірлер мен тақырыптық топтардың жетекшілеріне), сондай-ақ әлеуметтік осал (көп балалы аналар, мүгедектер, үлескерлер, балалар үйлерінің түлектері, жұмыссыздар, өмірде қиын жағдайға тап болған азаматтар) және халықтың басқа да санаттары мәселелеріне ерекше назар аударылуы тиіс.
- Халықты қамту бойынша KPI ретінде есептік кездесуге қатысқан халықтың өңір халқының жалпы санынан (әлеуметтік топтар/санаттар бөлінісінде) үлесін қарау ұсынылады.
- Округ әкімдерінің есептерін жинақтауға арналған арнайы формалармен таныстыру. (Форма№1)
- 2021 жылдың 18 қаңтар- 04 ақпан аралығында өтетін қалалық және ауылдық округ әкімдері мен аудан әкімінің Алакөл ауданы тұрғындарымен өткізетін есепті кездесулерінің Медиа-Жоспарымен таныстыру.
5.Алакөл ауданы әкімінің, сондай-ақ, Үшарал қаласы және ауылдық округ әкімдерінің 2021 жылғы тұрғындар алдындағы есеп беру кездесулерінің Жүйелілік кестесімен таныстыру.
- Алакөл ауданы әкімінің қоғамдық кеңес алдындағы есеп беру туралы апарат (02.02.2021ж сағат:11.00).
- Ақпарат жинауға арналған арнайы жәшіктерді орналастыру ретімен таныстыру.
- Аудан басшыларының округтерге бекіту кестесімен таныстыру.
- Округтер бойынша көтерілетін ұсыныстарды алдын ала жинақтау.
Әкімдердің есептері барысында айтылған халықтың ұсыныстары мен ескертулерін іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының
үлгі нысаны
|
№
|
Айтылған ескертулер/
ұсыныстар
|
Ескертулерді/ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар мен орындалу мерзімі
|
Жауапты
|
Ескертпе
|
|
|
|
|
|
|
- Аудандық газетке материалдар жариялау туралы
Ақпарат аяқталды. Сұрақтарыңыз бар ма? Жоқ.
Бүгiнгi семинардың күн тәртібіне енгізілген мәселелер толығымен қаралды.
Семинардың өткiзiлу тәртiбi бойынша кімде қандай ескертулер мен толықтырулар бар?
Жоқ.
Ендеше,семинарды жабық деп жариялаймын.
«Барлық деңгейдегі әкімдердің есептік кездесулерін ұйымдастыру тәртібі» тақырыбында аудандық
семинар-кеңесінің
ХАТТАМАСЫ
Үшарал қаласы 15 қаңтар 2021 жыл
Төрағалық еткен: аппарат басшысы Д.Сатыбалдиев
Қатысқандар: 50 адам (округ әкімдері мен жауапты
мамандар)
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру бөлімінің басшысы Г.Нуршинаның ақпараты таныстырылып, талқыланып, келесі ұсыныстар енгізілді:
- Мемлекет басшысының «Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» 2016 жылғы 5 ақпандағы № 190 Жарлығына сәйкес Алакөл ауданы әкімінің, Үшарал қаласының, ауылдық округ әкімдерінің есепті кездесулерінің бекітілген жүйелілік кестесіне сейкес өткізілуі қатаң қадағалау;
- Әкімдердің халық алдында есеп беруін өткізу жөніндегі ұстанымдары басшылыққа алу;
- Офлайн форматта өткізілетін 32 елді мекенде санитарлық нормаларды қатаң сақтау;
- Офлайн форматта өткізілетін 24 елді мекенде жоғары интернет жылдамдығын қамтамасыз ету;
- Тұрғындардың ұсыныстары мен ескертпелерін алдын ала жинақтау, халыққа түсіндірме жұмыстарын ұйымдастыру;
- Округ әкімдері жеке және заңды тұлғалардың қабылдауын өткізу;
- Барлық деңгейдегі әкімдердің еспті кездесулері туралы арнайы жинақ папкасын өткізу;
- Барлық деңгейдегі әкімдердің 2021 жылғы аудан тұрғындары алдында есеп беру кездесулерінде айтылған ескертулер мен ұсыныстарды жүзеге асыру жөніндегі іс- шаралардың орындалуы бойынша әр айдың 20-на дейін аудан әкімі аппарытының ұйымдастыру бөліміне ақпарат беру.
Аппарат басшысы Д. Сатыбалдиев
Ұйымдастыру бөлімінің
бас маманы Б.Смағұлов