«Барлық деңгейдегі әкімдердің 2021 жылғы аудан тұрғындары алдында есеп беру кездесулерінде айтылған ескертулер мен ұсыныстарды жүзеге асыру жөніндегі іс- шаралар жоспарын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» Заңының 31, 37 баптарына сәйкес, Алакөл ауданының Әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Барлық деңгейдегі әкімдердің 2021 жылғы аудан тұрғындары алдында есеп беру кездесулерінде айтылған ескертулер мен ұсыныстарды жүзеге асыру жөніндегі іс- шаралар жоспары қосымшаға сәйкес бекітілсін (тіркелді).
- Аумақтық округ әкімдеріне, аудан әкімі аппараты бөлімдеріне, аудандық мекемелердің басшыларына, іс-шаралар жоспарының жүзеге асырылуы мақсатында тиісті шара қолданып, облыстық, аудандық бюджеттен жұмсалатын қаржыға байланысты құрылысқа және күрделі жөндеуге жататын объектілер жөнінде ұсыныс және жоспарды жүзеге асыру туралы ақпарат, аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру бөлімшесіне мерзім бойынша берілсін.
- Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімі орынбасарлары Д.О.Қанағатовқа, А.М.Қабаевқа, А.С.Абдиновке жүктелсін.
Аудан әкімі Ә.Жақанбаев