«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 3-1-тармағына, «Жергілікті қоғамдастық жиналысының үлгі регламентін бекіту туралы» 2017 жылғы 7 тамыздағы № 295 Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15630 тіркелген) сәйкес, Алакөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Алакөл ауданының Ақтүбек, Архарлы, Сапақ, Еңбекші, Жайпақ, Лепсі, Ынталы, Қызылащы, Қамысқала, Үшбұлақ және Қайнар ауылдық округтерінің жергілікті қоғамдастық жиналыстарының регламенттері тиісінше осы шешімнің 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11-қосымшаларына сәйкес бекітілсін.
- Осы шешімнің орындалуын бақылау Алакөл аудандық мәслихатының «Депутаттық өкілеттік, бюджет, экономика, заңдылықты сақтау, құқықтық қорғау және қоғамдық ұйымдармен байланыс жөніндегі» тұрақты комиссиясына жүктелсін.
- Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Алакөл аудандық Алакөл аудандық
мәслихатының сессия төрағасы мәслихатының хатшысы
С.Қарабеков С. Жабжанов