Ауылшаруашылығы

Аудан экономикасының негізгі бағытын ауыл шаруашылығы саласы құрайды. 2020 жылы салада өндірілген өнім көлемі 48 млрд. 844 млн.теңгені құрап, 2019 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 106,9 процентке артты.  Заттай көлем индексі 102,5 процент.

Аудан бойынша егістік жерлерді игерудің көлемі жылдан жылға артып келеді. 2020 жылы 84,8 мың гектар егіс алқабы игерілді.

Орташа есеппен мал және құс басы саны 6,9 процентке артып, өндірілген ет, сүт және балық өнімдері 2,5 процентке өсті.

Мал шаруашылығын дамыту мақсатында, «Алакөл Агро» серіктестігінде 591 млн.теңгеге ұсақ малын бағатын шопандарға арналған заман талабына сай 4 үй және 4 қора жайлары және құны 700 млн.теңгеге 7 мың басқа арналған ұсақ мал бордақылау алаңы қолданысқа берілді.

Сондай-ақ, «Алакөл Аляньс» серіктестігі 450 млн.теңгеге Ресей елінен 1000 бас қалмақ тұқымды ірі қара малы сатып алынса, 284 млн.теңгеге «Айманбетов» ш/қ  ірі қара малын бордақылау алаңының қуаттылығы 1000 басқа кеңейтілді. Жалпы 2 млрд.25 млн.теңге инвестиция тартылып, 51 адам жұмыспен қамтылды.

Биылғы жылы барлық егіс көлемін 84956 гектарға игеріп, жалпы өнім көлемін 49 млрд.374 млн.теңгеге жеткізуді жоспарлап отырмыз.

Ол үшін, «Алакөл Агро» серіктестігінің құны 700 млн.теңгені құрайтын 5 000 басқа арналған ұсақ мал бордақылау алаңын қолданысқа беру және балық шаруашылығында құны 450 млн.теңгеге «Aква продукт» серіктестігінің қуаттылығы жылына 2000 тонна (4 млрд.теңге) радуга фаррелін өндіру жобасын іске асырылады.

Сонымен қатар, су үнемдеу мақсатында «Алакөл агро» серіктестігі 1000 гектар жерге жаңбырлатып суару құрылғысын орнату жоспарлануда.

Дата публикации
20 января 2021