Ауылшаруашылығы
Аудан экономикасының негізгі бағытын ауыл шаруашылығы саласы құрайды. 2020 жылы салада өндірілген өнім көлемі 48 млрд. 844 млн.теңгені құрап, 2019 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 106,9 процентке артты. Заттай көлем индексі 102,5 процент.
Аудан бойынша егістік жерлерді игерудің көлемі жылдан жылға артып келеді. 2020 жылы 84,8 мың гектар егіс алқабы игерілді.
Орташа есеппен мал және құс басы саны 6,9 процентке артып, өндірілген ет, сүт және балық өнімдері 2,5 процентке өсті.
Мал шаруашылығын дамыту мақсатында, «Алакөл Агро» серіктестігінде 591 млн.теңгеге ұсақ малын бағатын шопандарға арналған заман талабына сай 4 үй және 4 қора жайлары және құны 700 млн.теңгеге 7 мың басқа арналған ұсақ мал бордақылау алаңы қолданысқа берілді.
Сондай-ақ, «Алакөл Аляньс» серіктестігі 450 млн.теңгеге Ресей елінен 1000 бас қалмақ тұқымды ірі қара малы сатып алынса, 284 млн.теңгеге «Айманбетов» ш/қ ірі қара малын бордақылау алаңының қуаттылығы 1000 басқа кеңейтілді. Жалпы 2 млрд.25 млн.теңге инвестиция тартылып, 51 адам жұмыспен қамтылды.
Биылғы жылы барлық егіс көлемін 84956 гектарға игеріп, жалпы өнім көлемін 49 млрд.374 млн.теңгеге жеткізуді жоспарлап отырмыз.
Ол үшін, «Алакөл Агро» серіктестігінің құны 700 млн.теңгені құрайтын 5 000 басқа арналған ұсақ мал бордақылау алаңын қолданысқа беру және балық шаруашылығында құны 450 млн.теңгеге «Aква продукт» серіктестігінің қуаттылығы жылына 2000 тонна (4 млрд.теңге) радуга фаррелін өндіру жобасын іске асырылады.
Сонымен қатар, су үнемдеу мақсатында «Алакөл агро» серіктестігі 1000 гектар жерге жаңбырлатып суару құрылғысын орнату жспарлануда.
Өнеркәсіп
2020 жылы өнеркәсіп саласында 11 млрд. 845 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, заттай көлем индексі 100,9 процентті құрады. Биылғы жылы 12,5 млрд.теңгеге жеткізу жоспарда.
Өнеркәсіп өнімі көлемін арттыру мақсатында Бескөл ауылында «Агро Павлодар Құс» серіктестігінің қуаттылығы күніне 200 тонна, жалпы құны 43,0 млрд.теңгені құрайтын элеватор мен майлы дақылдарды өңдеу зауытын іске асыру жоспарымызда. Бұл жоба аясында 150 тұрақты жұмыс орны ашылып, 50 бірлік ауыл шаруашылығы техникалары сатып алынады.
Инвестиция
Ауданға 41 млрд. 765 млн. теңгенің инвестициясы тартылып, заттай индексі 142,1 процентті құрады.
Тартылған инвестициялардың 24 млрд.759 млн.теңгесі немесе 59,3 проценті бюджеттен тыс қаражаттар.
2020 жылы құрылысы басталған «Петрочемикал Транспортишн компании» серіктестігінің 6 функционалдық блоктан тұратын, құны 16,5 млрд.теңгені құрайтын «Достық» индустриялық паркінің» құрылысы жүргізілуде.
Сонымен қатар 2021-2023 жылдары «TengizTransGroup» серіктестігінің Экспорттық және транзиттік жүктерді (контейнерлеу) ауыстырып тиеу бойынша қызметтер ұсыну үшін, қуаттылығы жылына 6 млн.тонна жүк тиеу құрғақ порты жобасы іске асырылады. Нәтижесінде, Қытай мен Оңтүстік-Шығыс Азия бағытында экспорт пен транзит артып, 29,4 млрд.теңгенің инвестициясы тартылып, 300 тұрақты жұмыс орны ашылады (500 адам құрылыс кезінде).
Осы жобалардың нәтижесінде ауданға 2021 жылы 44 млрд.теңгеге инвестиция тартуды жоспарлап отырмыз.
Бюджет
Бюджетке міндетті төлемдерді жинау жоспары 106,8 пайызға орындалып, 6 млрд.256 млн.теңгеге жетті (жоспар 5858 млн.теңге).
Оның 4 млрд. 487 млн.теңгесі жергілікті бюджеттің үлесінде (жоспар 107,7 пайызға орындалды).
Меншікті салығымыз 3 млрд. 244 млн.теңгеге толықты. Жоспар 106,5 пайызға орындалды (жоспар 3045,2 млн.теңге).
Салық берешегі 2021 жылдың 1 қаңтарына 17,3 млн. теңге болып, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 12 млн. теңгеге төмендеді.
Бюджет шығысының жылдық жоспары 99,9 процентке игеріліп, 22 млрд. 176 млн.теңгені құрады.
Ал 2021 жылға бюджет кірісі 14,2 млрд.теңгеге бекітіліп, оның 11,8 млрд.теңгесі трансферттер есебінен.
Кәсіпкерлік
Шағын және орта бизнестегі субъектілердің саны 3082-ге жетті. Осы салада барлығы 10,3 мың адам жұмыспен қамтылған. Олар 67,1 млрд.теңгенің қызметі мен өнімін өндіріп, бюджетке 2,7 млрд. теңгенің салығын түсірді.
«Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында 28 жұмыс орнымен 18 жоба 464,1 млн.теңгеге және «Қарапайым заттар экономикасы» шеңберінде (экономика простых вещей) басым жобаларды жеңілдікпен несиелеу бағдарламасы бойынша 630 млн.теңгеге 6 жоба қаржыландырылды.
Бөлшек тауар айналымы 2019 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 107,4 процентке орындалып, 22,5 млрд.теңгеге жетті.
Құрылыс
Ағымдағы жылы қолданысқа 13,2 мың шаршы метр тұрғын үй енгізілді.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 33,3 млрд. теңгеге жеткізіліп, 199,1% өсім қамтамасыз етілді. Нақты көлем индексі 178 процент.
Үстіміздегі жылы Үшарал қаласында 7936 шаршы метрді құрайтын екі 20 пәтерлі және екі 60 пәтерлі көп қабатты тұрғын үйлерді қолданысқа беру жоспарымызда.
Сондай-ақ, Достық ауылында «Спорттық-сауықтыру кешенін» қолданысқа беріп, Лепсі ауылында аталған кешеннің құрылыс жұмыстары басталады (Спорттық-сауықтыру кешені).
«Ауыл ел бесігі» бағдарламасы
«Ауыл ел бесігі» арнайы жобасы аясында бұрынғы аудан орталығы болған Қабанбай ауылына 10 жобаға 1 млрд.117 млн.теңге қарастырылып, Қабанбай ауылының ауруханасы мен мәдениет үйіне күрделі жөндеу жұмыстары, жалпы ұзындығы 9 шақырымды құрайтын 8 көшеге орта жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Үстіміздегі жылы осы жоба шеңберінде Актүбек және Көктұма ауылдарына 1 млрд. 91 млн.теңгеге 10 жобаны іске асырылады (Ақтүбек ауылының мәдениет үйінің құрылысы мен жолдарын орта жөндеу, Көктұма ауылының электр желісінің құрылысы мен көшесін орта жөндеу).
«Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы
«Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында ауданның барлық ауылдары қамтылды. Шалғай ауылдардың мәдени, білім ошақтары, су жүйелері, жолдары, абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары жүргізілді.
1221 жұмыс орны ашылып, оның 619-ы Жұмыспен қамту орталығы арқылы орналастырылды.
Бағдарламаға 4 млрд. 492 млн.теңгеге 57 жоба енгізіліп, жұмыстар жоспарға сәйкес атқарылды.
Жалпы бағдарлама аясында 32 әлеуметтік нысандар;
- 3 коммуналдық нысан;
- 15 инженерлік-транспорттық нысандар;
- 7 нысан абаттандыру-көгалдандыру жұмыстарымен қамтылды.
Үстіміздегі жылы осы бағдарлама аясында Ақши ауылындағы «Жалын» лагерін қайта жаңғырту жұмыстары атқарылады.
Коммуналдық сала
Аудан халқын таза ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында үстіміздегі жылы Балапанов ауылының ауыз су жүйелерінің құрылысы және Қабанбай ауылының су мұнарасы ағымды жөндеуден өтіп, нәтижесінде орталықтандырылған ауыз су жүйесімен қамтылған елді мекендердің үлесі 85,7 процентті құрады.
Сондай-ақ Тоқжайлау, Қоныр, Бибақан және Кеңес ауылдарының су жүйелерінің құрылысына ЖСҚ даярлануда.
Алдағы уақытта осы елді мекендерге ауыз су жүйесінің құрылысын жүргізу жоспарымызда.
Жолдар
2020 жылы облыстық жолдарға 1 млрд. 546 млн.теңге және аудандық маңыздағы 16 елді мекеннің жолдарын жөндеуге 2 млрд.115 млн.теңге қарастырылып, жұмыстар жоспарға сәйкес атқарылды.
Үстіміздегі жылы аудандық маңыздағы жолдарды күрделі және орта жөндеу жұмыстарына 703,4 млн.теңге қарастырылды.
Республикалық маңызы бар «Үшарал-Достық» бағытындағы 184 шақырым (30 шақырымы қолданысқа берілді) және «Талдықорған–Қалбатау-Өскемен» бағытындағы 149 шақырым жол құрылысы жүргізілуде (71 шақырымы қолданысқа берілді). Нәтижесінде аудандағы барлық жолдардың 73,1 пайызға жақсы және қанағаттанарлық жағдайға жеткізіледі (оның ішінде аудандық маңыздағы жолдың сапасы 37,3 проценттен 40 процентке жеткізілді).
«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы
«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында 42,6 млн.теңгеге Жайпақ, Екпінді, Қайнар және Теректі ауылдарының саябағы мен көше бойына абаттандыру жұмыстары жүргізілсе, Тоқжайлау ауылына спорт алаңы салынды.
2021 жылы аталған бағдарлама аясында Қарабулақ ауылының саябағы, Көктұма және Жыланды ауылының спорт алаңы, Архарлы және Байзерек ауылдарының көше жарық шамдарын ағымды жөндеу жұмыстары атқарылмақ.
Әлеуметтік сала
Әлеуметтік сала ауданымыздағы бірінші кезектегі мәселелердің бірі болып табылады. Әлеуметтік мәселелерді шешу үшін біз жұмыссыздықты қысқарту және азаматтардың әл-ауқатын көтеруге күш салудамыз. Ауданымызда 2020 жылы 1670 жаңа жұмыс орны ашылды.
Жыл басынан 463 отбасына (2504 адам) 208,2 млн.теңгеге Атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды.
Ауданда жұмыспен қамтудың пәрменді шараларының бірі - «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасының үш бағыты бойынша жоспарлы жұмыстар атқарылуда.
Бағдарламаның 1-ші бағыты бойынша 71 адам қысқа мерзімдік кәсіптік оқуға жіберілді.
2-ші бағыты бойынша 18 адамға 76,8 млн.теңгенің несиесі және 275 азаматқа 152,1 млн.теңге грант берілді.
Бағдарламаның 3-ші бағыты аясында 1001 адам әлеуметтік жұмыс орындарына, жастар практикасына және қоғамдық жұмыс орындарына жіберілді.
Білім
Аудандағы 44 мектепте 13,4 мыңнан астам оқушы дәріс алуда. 1575 бала 19 балабақшада, 1050 бала 32 кіші орталықтарда тәрбиеленуде.
Мектеп жасына дейінгі балалардың мектепке дейінгі мекемелермен қамтылуы 100 процентті құрайды.
Жалпы білім беретін мектептердің барлығы компьютерлендірілген және кең жолақты интернетке қосылған.
Аудан бойынша 3 ауысымда және апатты жағдайда тұрған мектептер жоқ. Жалпы 44 мектептің 35 күрделі жөндеуден өткізілген, оның ішінде 2020 жылы «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасымен Қайнар және Безродных атындағы орта мектептерге күрделі жөндеу, 26 мектеп ішілік дәретханаға ағымды жөндеу жұмыстары жүргізілді.
«Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында білім саласына еңбек етуге келген 32 маманға 8598 мың теңге көлемінде бір жолғы көтерме жәрдемақы және 10 маманға 45551 мың теңге бюджеттік несие берілді.
Денсаулық сақтау
Ауданда 42 денсаулық сақтау мекемелерінде 113 дәрігерлер, 563 орта буынды медицина қызметкерлері жұмыс жасайды.
«Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырылғаннан бері денсаулық саласының материалдық техникалық базасы тұрақты дамыған. 2020 жылы 2 жедел-жәрдем және 1 жылжымалы диагностикалық медициналық автобус, 69 бірлік медициналық қондырғы сатып алынды.
«Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында денсаулық саласына еңбек етуге келген 12 маманға 3245 мың теңге көлемінде бір жолғы көтерме жәрдемақы және 6 маманға 25002 мың теңге бюджеттік несие берілді.
Мәдениет , спорт және туризм
Жыл басынан аудандағы барлық мәдениет үйлері мен клубтар 2020 жылға белгіленген жоспар бойынша халыққа мәдени қызмет көрсетуде.
Ауданымызда балалар мен жасөспірімдердің спортпен айналысуына барлық мүмкіндіктер жасалған, 2 стадион, 191 спорт алаңдары мен спорт залдары жұмыс істейді. Аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде спорттың 10 түрімен 1124 спортшы шынығады.
Туризмді дамыту – әлемдік бәсекелестік кеңістігіне кірудің бір мүмкіндігі.
Алакөл демалыс аймағында күніне 23366 туристке қызмет көрсететін 264 демалыс орындары жұмыс істейді. 2020 жылы өз қаражаттары есебінен 750 орынды 15 нысандар қолданысқа беріліп, аудан экономикасына 2,6 млрд.теңгенің инвестициясы тартылды.
Көл жағалауында 2020 жылы 798,5 мың адам демалып, 4 млрд. 790 млн. теңгенің ақылы туристік-сауықтыру қызметі көрсетілді.
Туристерге қолайлы жағдай жасау мақсатында өткен жылы Алакөл демалыс аймағында демалушыларға арналған саябақ және жағажай волейбол, футбол және үлкен теннис алаңы қолданысқа беріліп, Ақши ауылына абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Құны 2 млрд. 469 млн. теңгеге орталықтандырылған ауыз су және 1 млрд. 821 млн.теңгеге кәріз тазарту құрылыстары, жалпы құны 6 млрд.теңгені құрайтын Алакөл көл жағалауының 13,5 шақырымын (оның ішінде Ақши ауылының 10,150 шақырым, Көктұма ауылының 3,4 шақырым) бекіту жұмыстары жүргізілуде.
Қылмыс
Аудандық ішкі істер бөлімінің материалдық техникалық базасы жылдан жылға нығаюда. Компьютерлік техника, оңтайлы және тұрақты байланыс жүйелерімен қамтылған.
Бөлім қылмыстың алдын алу және болдырмау жөнінде белгіленген жұмыстарды атқаруда. 2020 жылы ауданда 310 қылмыс тіркеліп, 2019 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 29,2 процентке немесе 128 бірлікке азайды.