Алматы облысы, Алакөл ауданы ӘКIМІНІҢ
ӨКІМІ
2020 жылғы____________ Үшарал қаласы
№_____________
Мониторинг тобын
құру туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 33, 37 баптарына, Аудан аумағының халқы арасында COVID-19 короновирустық инфекциясының таралуын алдын алу мақсатында, Алакөл ауданының әкімі ӨКІМ ЕТЕДІ:
- Аудан аумағында халқы арасында COVID-19 короновирустық инфекциясының таралуын алдын алу үшін қызметін жүзеге асыратын объектілерге тексеру (мониторинг) тобы осы өкімнің қосымшасына сәйкес құрылсын.
- Қала және ауылдық округтері бойынша мониторинг топтары құрылсын.
- Мониторинг тобы, COVID-19 короновирустық инфекциясының таралуын алдын алу үшін қызметін жүзеге асыратын объектілерге тексерулер (мониторинг) жүргізу алгоритміне сәйкес жұмыстар жүргізсін.
- Жұмысшы тобының органы «Алакөл аудандық кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі болып белгіленсін.
- Алакөл ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 26 қазандағы № 88 өкімінің күші жойылсын.
- Осы өкімнің орындалуын бақылау Алакөл ауданы әкімінің орынбасары А.Қабаевқа жүктелсін.
Аудан әкімі Ә.Жақанбаев