Алакөл ауданының денсаулық сақтау саласының 2026жылдың
5 айында жасалған жұмыстар туралы
АҚПАРАТ
Аудан тұрғындарына орталық аудандық ауруханасы, Қабанбай ауылындағы бөлімшесі, Достық ауылдық ауруханасы, 14 дәрігерлік амбулатория, 10 фельдшерлік-акушерлік пункт және 12 медициналық пункттері медициналық көмек көрсетеді.
Ауданда 133 дәрігер мен 563 орта буын медицина қызметкерлері 62 834 тұрғынға медициналық қызмет көрсетеді (13 адамға көбейді өткен аймен салыстырғанда).
Дәрігерлік кадрлардың тапшылығы 15 маман құрайды офтальмалог – 2, функциональная диагностика дәрігері – 2, отоларинголог – 1, жалпы тәжіребелі дәрігер – 7, невропатолог – 1, инфекционист – 1, хирург – 1.
31.05.2026 ж.аудандағы барлық халық саны –62 821 адам.
15 жасқа дейін балалар саны –18 138
1 жасқа дейін – 810
5 жасқа дейін – 5 420
Жасөспірімдер саны– 3327
Ересектер барлығы – 41 356
Әйелдердің саны– 30 348
Бала туатын жастағы әйелдердің саны– 12 186
Жүкті әйелдердің саны– 418.
Жетісу облысының денсаулық сақтау басқармасының 2023 жылғы 21 қарашадағы №477-Н «Бастапқы медициналық-санитарлық көмек желісін қайта ұйымдастыру туралы» бұйрығы негізінде, Қазақстан республикасы ДСМ №ҚР ДСМ-59 «Денсаулық сақтау ұйымдары желісінің мемлекеттік нормативын бекіту туралы» бұйрығын орындау және ҚР 2022 жылғы 30 маусымдағы «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасын іске асыру шеңберінде ауданда 5 дәрігерлік амбулатория фельдшерлік-акушерлік пункт болып қайта құрылды: Қамысқала, Жанама, Сапақ, Үшбұлақ, Қызылқайын ауылдарында және Ынталы ауылындағы медициналық пункт фельдшерлік-акушерлік пункт болып қайта құрылды. 4 медициналық пункт жабылды: Жүнжүрек, Шымбұлақ, Майқан, Айпара ауылдарында. Сонымен бүгінгі күнге ауданда 38 медициналық ұйым халыққа қызмет көрсетеді- 1 аудандық орталық аурухана, 1 ауылдық аурухана, 14 дәрігерлік амбулатория, 10 фельдшерлік-акушерлік пункт, 12 медициналық пункт.
2025/2026 жылдардың 5 айдағы демографиялық және денсаулық сақтау жүйесінің көрсеткіштері:
Туу көрсеткіші 1000 тұрғынға шаққанда – 11,4-тен 6,6-ға дейін төмендеді (2025ж-304, 2026ж -172). Мамыр айында 33 бала дүниеге келді
Жалпы өлім көрсеткіші 1000 тұрғынға шаққанда – 6,9 –ден 6,6-ға дейін төмендеді (2025ж-185, 2026ж-181). Мамыр айында 33 адам қайтыс болды.
Халықтың табиғи өсуі - 4,5-тен 0-ге дейін төмендеді (2025ж-119, 2026ж -0).
Бір жасқа дейінгі балалар өлімі 1000 тірі туған нәрестеге 6,58-ден 17,4-ке дейін жоғарлады (2025 ж- 2 жағдай, 2026 жылы – 3 жағдай).
Қаңтар айында 1 бала өлімі тіркелді – Үшарал қаласынан 20 күндік сәби областық перинаталдық орталығында нәрестедегі жүректің басқа да нақтыланған аномалияларынан қайтыс болды.
Қан айналым жүйесінің ауруларынан өлім көрсеткіші: 101,1-ден 171,9-ға дейін жоғарлады (2025-27, 2026-45).
Қатер ісік ауруларынан өлім көрсеткіші: 67,4-тен 53,5-ке дейін төмендеді (2025-18, 2026-14).
Туберкулез ауруынан өлім көрсеткіші: 0-ден 0-ге дейін төмендеді (2025-0, 2026-0). Өлім тіркелген жағдай жоқ.
Қатерлі ісік ауруымен сырқаттану: 198,4-тен 191,0-ге дейін төмендеді (2025ж-53, 2026ж-50), оның ішінде 0-1 сатыда анықталған қатерлі ісіктер үлес салмағы 2025 ж – 29,4% 2026 жылы –34%.
Жарақаттардан, оқыс оқиғалардан және уланудан болған өлім-жітім 100 мың тұрғынға шаққанда: 89,8 –ден 34,4-ке дейін төмендеді (2025ж-24, 2026ж-9).
Туберкулезбен сырқаттану: 52,4-тен 61,1-ге дейін жоғарлады (2025-14, 2026-16).
Қаңтар айында жағдай тіркелген жоқ.
Бруцеллезбен сырқаттану (2025 ж- 5, 2026 ж-4).
Флюорографиялық тексерістен 2026 жылдың 5 айында 6515 адам өтті (2025 жылы- 5820 адам). Манту сынамасына 4552 бала тексерілді (2025 ж. – 4540), бактериоскопиялық әдіспен туберкулез ауруы анықталғаны – 1 (2025 ж. - 6), Манту сынамасы арқылы - 0 (2025 жылы - 1), профилактикалық жолымен туберкулез ауруы анықталғаны 8 (2025 ж. - 5), каралу кезінде 8 (2025 ж. - 5).
Емхана, амбулаторияларға бару саны 161 621 -ден 136 444 -ке дейін төмендеді, дәрігерлердің үйге бару саны 9296 -дан 3500-ге дейін төмендеді.
Ауруханаларда 2026 жылдың 5 айында 4 079 адам емделіп шықты, 44 адам қайтыс болды (2025 – 4 338 адам емделіп шықты, 33 адам қайтыс болды). Күндізгі ауруханаларда 2026 жылдың 5 айында 1069 адам емделді (2025 – 1002). Ауруханада өлім көрсеткіші 0,8-ден 1,1-ге дейін жоғарлады (2025-33, 2026-44). Аурудың орта есеппен жатқан күні 7,0-ден 7,1-ге дейін өсті, төсек күнінің орындалғаны 87,9% -дан 83,1% -ге дейін төмендеді.
Директор А.Бутабаев