Алакөл ауданындағы мемлекеттік мекемелердің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелерін талқылау бойынша отырысының
ХАТТАМАСЫ
Үшарал қаласы 22 мамыр 2026 жыл
Төрағалық етуші- Алакөл ауданы әкімінің орынбасары А.М. Қабаев,
Жұмыс тобының мүшелері қатысты.
Күн тәртібінде:
Алакөл ауданындағы мемлекеттік мекемелердің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдаудың талдамалық есебін талқылау.
2026 жылғы 04- 29 мамырға дейінгі кезеңде Алакөл ауданындағы мемлекеттік мекемелердің қызметінде 2025 жылға арналған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді. Талдау келесі бағыттар бойынша жүргізілді:
1) мемлекеттік мекемелердің қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
2) мемлекеттік мекемелердің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Іске асыру барысында нормативтік құқықтық актілерді қолдануға, мемлекеттік қызметтерді көрсетуге, сондай-ақ ұйымдастырушылық-басқару қызметінен туындайтын басқа да мәселелерге байланысты тәуекелдер анықталды.
Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының бұзылуына жол бермеу, мемлекеттік қызметке қатысты сала бойынша заңдардың сақталуы, Әдеп кодексі талаптарын сақтау мақсатында ұдайы семинар түсіндіру жұмыстарын жүргізуді жандандыру.
Мүдделер қақтығысы және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын-алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
Мемлекеттік қызметтің жауапты қызметкерлерімен қолданыстағы Қағидалары талаптарын сақтау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Әр тоқсан сайын мақала жариялау, акция, мемлекеттік қызметтер жәрменкесін өткізу.
Мемлекеттік сатып алу рәсімдерінің ашықтығы мен жариялығының деңгейін арттыру бойынша қосымша шаралар қабылдау және осы салаға жауапты қызметкерлерді мемлекеттік сатып алу саласындағы оқу семинарларына жіберу және қосымша бір бөлек маман бөлу.
Ағымдағы жылдың 22 мамырдағы сағат 11:00-де Жетісу облысы Алакөл ауданы Үшарал қаласы Д.Қонаев көшесі, 74, мекен-жай бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау өтті.
Талқылау барысында қатысушылар бұл ұсыныстарды толық қолдады және ескертулер мен толықтырулар түскен жоқ.
Жұмыс тобының жетекшісі А.М.Қабаев
Жұмыс тобының мүшелері Д.С.Сатыбалдиев
С.Н.Бекболатов
К.Т.Көкебаев
Е.Ө.Жуанышбаев
Г.Т.Тумабаева
Г.А.Нуршина
Р.Е.Омарбекова
Д.А.Маманов