Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Коммуналдық сала

Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы саласы

«Алакөл ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ-сі аудан бойынша тұрғындардың тіршілікті қамтамасыз ету саласымен айналысады. Атап айтар болсақ, су жүйесі, жылу жүйесі, электр жүйесі, кәріз жүйесі, елді мекендерді жарықтандыру, қатты тұрмыстық қалдықтардан арылту-жинау және өңдеу, санитарлық тазалық акцияларын ұйымдастыру, тұрғындарды қатты отынмен қамтамасыз ету, көріктендіру, туристік елді мекендерді инфрақұрылымын жүйелі түрде дамыту.

Жоғарыда аталған салалар негізінде стратегиялық жоспарлау, жобалық-сметалық құжаттамалар әзірлеу. Соның негізінде құрылыс жұмыстарын жүргізіп, жергілікті халыққа пайдалануға беру. Аудандық коммуналдық саламен толықтай қамтамасыз ету.

Сонымен қатар, аудандық тұрғын үй бөлімі Алакөл ауданы тұрғындарының азаматтарын мемлекет тарапынан ұсынылатын тұрғын үйлерге мұқтаж азаматтар есебіне тіркеуге алу және Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй туралы» Заңнамасына сәйкес, мемлекет теңгеріміндегі пәтерлерді Заңнамаға сәйкес жекешелендіру жұмыстарын қамтамасыз ету.

Kezekte.kz электрондық платформасы арқылы Алакөл ауданы бойынша мемлекет тарапынан ұсынылатын тұрғын үйлерге мұқтаж азаматтар есебінде тұрған азаматтарды Қазақстан Республикасы «Тұрғын үй қатынастары» туралы заңнамасына сәйкес , сәйкессіздік анықталған азаматтармен талдау тексеру жұмыстары атқарылуын қамтамасыз ету.

Алакөл ауданының көлік инфрақұрылымын дамыту, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстарымен айналысады.

Атап айтатын болсақ:

Алакөл ауданы аумағындағы республикалық, облыстық, аудандық маңызы бар автокөлік жолдарының жақсы және қанағаттанарлық жағдайының үлесін арттыру, яғни, аталған автокөлік жолдарын барынша күрделі орта және ағымды жөндеу жұмыстарымен қамтамасыз ету.

Сонымен қатар елді мекендерінің ішкі көшелерінде қауіпті болып саналатын қиылыстарға қажетті жол белгілері мен бағдаршам нысандарын орнату жұмыстарын атқару.

Автокөлік жолдарының жазғы және қысқы күтім жұмыстарын уақытылы ұйымдастыру.

Облыстық және аудандық маңызы бар автокөлік жолдарының белдеуінде сыртқы көрнекі жарнама орналастыруға келісім беру мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрін көрсетеді.

Көктемгі күзгі мезгілде су тасқынын алдын алу мақсатында автокөлік жолдарының бойында орналасқан көпірлер мен су өткізгіш құбырларға округ әкімдерімен бірлесе тазалық жұмыстарын жүргізу болып табылады.

 

Документы
Хаттама
11 марта 2026
Алакөл аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі
«Алакөл ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Алакөл Тазалық» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны директорын тағайындауға конкурстық комиссиясының қорытыдысы.
Тізілім
06 февраля 2026
Алакөл аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі
Кондоминиум объектісін басқару нысандары және кондоминиум объектісін басқару субъектілері бойынша көппәтерлі тұрғын үйлердің тізілімі
Ақпарат
03 ноября 2025
Алакөл аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі
Қазақстан Республикасында тұрғын үй-коммуналдық мәселелерді шешу тәртібі
Новости
Полезные материалы
Тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі
Улы газ
Коммуналдық сала
Медиагалерея
События
18 июня
Алакөл ауданы әкімдігінің «Алакөл ауданы бойынша коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсынудың қағидалары» қаулы жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ
18 июня
Алакөл ауданы әкімдігінің «Алакөл ауданына бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» қаулы жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ
26 октября
"Алматы облысы Алакөл ауданы Үшарал қаласының орталық қазандығын кеңейту" жұмыс жобасы бойынша ашық жиналыс түрінде қоғамдық тыңдаулар өткізіледі.
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Шаруашылық жүргізу құқығындағы "Алакөл Тазалық" Мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
ШЖҚ МКК «Алакөлжылу»
Часто задаваемые вопросы
Баспана кезегін электронды түрде қалай қадағалауға болады?

Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 74-бабына сәйкес жергілікті атқарушы органның тұрғынжай беру туралы шешім қабылдаған күнінен бастап он жұмыс күні ішінде – тұрғынжай алған адамдардың тізімдерін тұрғын үй беруге мұқтаждарды есепке алу тізімдерінде белгіленген олардың кезектілігін көрсете отырып жариялауға міндетті.

Мемлекеттік кәсіпорындар мемлекеттік кәсіпорынның тұрғын үй қорынан тұрғынжайға мұқтаж Қазақстан Республикасы азаматтарының кезектілік тізімдерін жүргізеді және тұрғынжай алған адамдардың тізімдерін олардың кезектілігін көрсете отырып, өздерінің интернет-ресурстарында жариялайды.

Мемлекеттік мекемелер мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қорынан тұрғынжайға мұқтаж Қазақстан Республикасы азаматтарының кезектілік тізімдерін жүргізеді және тұрғынжай алған адамдардың тізімдерін олардың кезектілігін көрсете отырып, өздерінің интернет-ресурстарында жариялайды.

Баспанаға кезекке тұру тәртібі қандай?

 

Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының (бұдан әрі -Заң) 71-бабына сәйкес, коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй беруге болатын Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке алуды тұрғылықты жерi бойынша ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органы жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 74-бабының 1-тармақшасына сәйкес мұқтаждар есебінде тұратын азаматтарға мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй, қажетті құжаттармен бірге өтініш берілген кезден бастап тізімде белгіленген кезек ретімен беріледі.

Осы Заңның 67-бабына сәйкес жергілікті атқарушы органдар тұрғын үй алуға мұқтаж азаматтарды бөлек тізім бойынша есепке алады:

- Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына;

- Жетiм балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға;

-"Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналарға

-Халықтың әлеуметтiк аз қамтылған топтарына

-Мемлекеттiк қызметшiлерге, бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерiне, әскери қызметшiлерге, ғарышкерлікке кандидаттарға, ғарышкерлерге, арнаулы мемлекеттік орган қызметкерлеріне және мемлекеттiк сайланбалы қызмет атқаратын адамдарға;

-Жалғыз тұрғын үйі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен авариялық жағдайда деп танылған Қазақстан Республикасының азаматтарына.

Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының (бұдан әрі - Заң) 74-бабы 4-тармағына сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға немесе жеке меншік тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге, Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне және қатысушыларына, көпбалалы аналарға, жетімтер мен  ата-ана қамқорлығынсыз өскен балаларға бірінші кезекте алуға кепілдік береді.

Социальные медиа

Instagram
Fasebook
VK

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы