
Инвестиция - қаражатты ұзақ мерзімге әр саладағы кәсіпорындарға, кәсіпкерлік жобаларға, әлеуметтік-экономикалық бағдарламаларға немесе инновациялық жобаларға құю. Инвестициялар құйылған сәттен бастап ұзақ уақыт өткеннен кейін пайда келтіреді. Инвестор – бұл өзіндік немесе несиеге алынған немесе басқа жақтан тартылған қаражатты инвестициялық жобаларға құятын заңды немесе жеке тұлға.