
Аудан тұрғындарына емханада және үйде білікті мамандандырылған көмек көрсету;
Аурулардың алдын алу бойынша кешенді іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу, халықтың мүгедектігі мен өлімінің алдын алу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру жөнінде шаралар қабылдау;
Азаматтарды тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шегінде медициналық көмекпен және дәрілік заттармен, медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз ету;
Халықты (дені сау және науқас), бірінші кезекте жастарды, жүрек-қан тамырлары аурулары, онкологиялық аурулар және басқа да аурулар қаупі жоғары адамдарды диспансерлеуді ұйымдастыру және жүзеге асыру;
Халыққа санитарлық-гигиеналық білім беруді ұйымдастыру және жүргізу, салауатты өмір салтын насихаттау, дұрыс тамақтану, белсенділікті арттыру және жаман әдеттермен күресу (темекі шегу, алкогольді тұтыну және т.б.).
Денсаулық сақтау жүйесін басқарудың тиімділігін арттыру;