Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 8 желтоқсандағы №78 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларына» сәйкес, есепті кезеңде Ырғайты ауылдық округі бойынша 28 (бір жылда - 226) мемлекеттік қызмет көрсетілді.
Оның ішінде:
Сонымен қатар, есепті кезеңде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Заңның, тізілімнің, қағиданың және осылардан туындайтын басқа да нормативтік-құқықтық актілердің нормаларын түсіндіру бойынша 3 (12) іс-шаралар ұйымдастырылды. Аталған іс-шаралға жалпы 121 (500) адам қатысты. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметтерге қатысты 1 – мақала Алакөл газетіне жарияланды.