Ақши ауылының білім саласы бойынша

Білім беру саласы бойынша

Ауылда 1 орта  мектеп  бар.2013 жылы пайдалануға берілген. 22 бейнебақылау камералары орнатылған. Кітапхана және медициналық кабинетпен жабдықталған, интернет, Wi-Fi жұмыс жасап тұр.

Мұғалімдер саны – 25, оның ішінде: 25 жоғары білімді, Педагог-зерттеуші – 3, педагог- сарапшы -9 , педагог- модератор - 6, біліктілікті арттыру курсынан өткен мұғалімдер саны – 25. Кіші тұлға қызметкерлері – 13. Мектепте 108 оқушы білім алуда. Оқушылар 100 пайыз оқулықпен қамтылып отыр.

2024 жыл - Ауыл мектептерінің оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша Талдықорған қаласында өткен   республикалық олимпиададан 9 сынып оқушысы Серікболқызы Аида мақтау қағазымен марапатталды.

Мектеп жанынан құрылған мектепке дейінгі шағын орталық қызметкерлері – 5. Орталықта 20 бала тәрбиеленуде. 3 уақыт тамақ және жататын орынмен қамтамасыз етілген.

Мектептегі барлық компьютерлер саны – 68. Интерактивті тақта саны – 6, интерактивті панель – 1, проектор – 12.        

Мектепте жылу жүйесі іске қосылып, жылу қазандығы жұмыс жасап тұр. Биылғы жылы 33578 литр сұйық отын  алынды.

 

 

 

Ақши ауылының білім саласы бойынша
Дата публикации
18 марта 2024