Білім беру саласы бойынша

Білім беру саласы бойынша

Көктұма ауылында 1 орта  мектеп  бар. 1984 жылы пайдалануға берілген. 2018 жылы күрделі жөндеуден өтті.  Бейнебақылау камералары орнатылған. Кітапхана және медициналық кабинетпен жабдықталған, интернет, Wi-Fi жұмыс жасап тұр.

Мұғалімдер саны – 49, Техникалық кіші тұлға қызметкерлері – 25. Мектепте  328 оқушы білім алуда. Оқушылар 100 пайыз оқулықпен қамтылып отыр.

2024 жыл - Ауыл мектептерінің оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша облыстық олимпиададан 9 сынып оқушысы Серікжанқызы Нұрай 1 орын, 9 сынып оқушысы Қаният Аружан 2 орын, 11 сынып оқушысы Жағыпар Зере 3 орын мақтау қағазымен марапатталды.

Мектеп жанынан құрылған мектепке дейінгі шағын орталық қызметкерлері – 14, 2 даярлық топ жетекшісі бар. Орталықтың үш тобында 60 бала тәрбиеленуде. 3 уақыт тамақ және жататын орынмен қамтамасыз етілген.

Мектептегі барлық компьютерлер саны – 141. Интерактивті тақта саны – 3, мультимедиалық құрал-жабдықтар – 2, проектор – 5.        

Мектепте жылу жүйесі іске қосылып, жылу қазандығы жұмыс жасап тұр. Биылғы жылы алынғаны 43883 литр сұйық отын  алынды.

 

 

 

 

Білім беру саласы бойынша
Дата публикации
17 марта 2024