Ауыл шаруашылығы бойынша.
Округтің негізгі экономикалық көрсеткіштерін ауыл шаруашылық саласы құрайды. Бұл салада округте 23 шаруа қожалығы және 2 жауапкершілігі шектеулі серіпкестігі (ЖШС) еңбек етеді.
Округ бойынша барлық жер көлемі 93 965 га құрайды. Оның 2 389 га суғармалы егістік, 2 308 га шабындық, 79 323 га жайылым және 7 157 га басқа да жерлерді құрайды. (90 га округ тұрғындарының егістік (бау-бақша) жері)
2023 жылы 2 406 гектар жер игерілді олар:
1250 га майлы дақылдар әр гектарынан 18 центнерден өнім алынды.
618 га дәнді дақылдар әр гектарынан 15 центнерден өнім алынды
48 га картоп, , бақша өнімдері әр гектарынан 200 центнерден өнім алынды.
453 га азықтық дақылдар гектарынан 50 ц/ өнім жиналды.
2024 жылға 80 га қант қызылшасын себу жоспарланып отыр.
Мал шаруашылығы саласына келер болсақ:
Округте 2023 жылдың мал басы саны бойынша жылдық есебі бойынша мүйізді ірі қара малы – 3 200 бас, оның ішінде аналық - 852 ; қой-ешкі – 18 300 бас, оның ішінде аналық – 7 762 бас; жылқы – 1 750 бас, оның ішінде аналық – 420 бас; Түйе – 74, оның ішінде аналық - 20 басты құрады.
Толығымен ЕАСУ бағдарламасына енгізілген. Ветеринариялық профилактикалық жұмыстар жоспарға сәйкес атқарылды, оң нәтиже берген мал бастары жоқ.