Ырғайты ауылдық округы бойынша жыл басынан 15 келісім шарт жасалған. Оның 9-ы бағалы ұсыныныстарға сұраным, 1-еуі конкурстың екінші кезеңі негіздемелік келісімді пайдалана отырып, 2-еуі өткізілмеген мемлекеттік сатып алу бойынша бiр көзден сатып алу және 3-еуі тікелей шарт тұжырымы бір дерекөздер арқылы жасалған.
Алакөл аудандық мәслихатының 2023-жылғы 29-желтоқсандағы «Алакөл ауданының Үшарал қаласы мен ауылдық округтерінің 2024-2026 жылдарға арналған бюджеттері туралы» №19-1 шешімі негізінде 106 млн 015 мың тенге қаражат бөлініп 2024-жылдың жылдық жоспары бекітілген. Оның ішінде атап айтсақ:
- Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер (ЗП) 47 млн 748 мың теңге
- Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру 10 млн 447 мың теңге
- Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету 15 млн теңге
- Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру 30 млн 849 мың теңге
- Аудандық маңызы бар қалаларда, ауылдарда, кенттерде, ауылдық округтерде автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету (қар күреу) 1 млн 371 мың теңге
- Мемлекеттік органның күрделі шығыстары (компютер) 600 мың теңге қаражат бөлінген.
Бюджеттің атқарылуы туралы есептер (ашық бюджет, мемлекеттік тіркеу базасы, айсгер, стат, салық және қаржы бөліміне жылдық, тоқсандық есептер) уақытында тапсырылып өткізілген.