«БЕКІТІЛГЕН»
Алакөл ауданы әкімдігінің
2018 жылғы «24» желтоқсан
№ 321 қаулысымен
«Алакөл ауданының Ырғайты ауылдық
округі әкімінің аппараты» мемлекеттік
мекемесі туралы ереже
Көктұма ауылы
2019 жыл
1-тарау. Жалпы ережелер
1.«Алакөл ауданының Ырғайты ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі –ауылдық округі әкімінің аппараты) ауылдық округі әкімінің қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдастыру-құқықытық кеңесші және материалдық –техникалық қызметін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. Ауылдық округі әкімінің аппаратында ведомствалар жоқ.
3.Ауылдық округі әкімінің аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және Заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4.Ауылдық округі әкімінің аппараты мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. Ауылдық округі әкімінің аппараты азаматтық –құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. Ауылдық округі әкімінің аппараты заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7.Ауылдық округі әкімінің аппараты өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен қала әкімі шешім, өкім және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8.Ауылдық округі әкімінің аппаратының құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 040225, Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Алакөл ауданы, Көктұма ауылы, Жанахмет Бегатаров көшесі №46.
10. Мемлекеттік органның толық атауы:
Мемлекеттік тілде: «Алакөл ауданының Ырғайты ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.
Орыс тілде: Государственное учреждение «Аппарат акима Ыргайтинского сельского округа Алакольского района».
11. Осы Ереже ауылдық округі әкімі аппаратының құрылтай құжаты болып табылады және оның құрылымын Алакөл ауданының әкімдігі бекітеді.
12. Ауылдық округі әкімі аппаратының қызметін қаржыландыру жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылады.
13.Ауылдық округ әкімінің аппараты кәсіпкерлік субъектілерімен ауылдық округі әкімі аппаратының функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер округ әкімі аппаратына заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер, егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2-тарау. Мемлекеттік органның миссиясы,
негізгі міндеттері,функциялары, құқықтары мен міндеттері.
14.Ауылдық округі әкімінің аппаратының миссиясы – атқарушы биліктің жалпы мемлекеттік саясатына қалалық округті дамыту мүдделерімен және қажеттілігімен үйлестіре жүргізуді қамтамасыз ету.
15. Міндеттері:
- Ауылдық округі әкімінің қызметін ақпарттық-талдамалық, ұйымдық-құқықтық, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, сондай-ақ жергілікті маңызы бар мәселелерді шешеді;
-ауылдық округ әкіміне шаруашылық және материалдық-техникалық, әлеуметтік-тұрмыстық қызмет көрсетеді;
-облыстың және ауданның өкілетті және атқарушы органдарымен, сонымен қатар бұқаралық ақпарат құралдарымен, қоғамдық ұйымдармен және азаматтармен өзара әрекеттестікті қамтамасыз етеді.
16.Функциялары:
-Қазақстан Республикасы заңдарының, Қазақстан Республикасының Президентінің, Үкімет актілерінің, облыс әкімдігі мен әкімінің, аудан әкімдігі мен әкімі және ауылдық округі әкімі актілерінің орындалуын ұйымдастыру мен қамтамасыз ету, ауылдық округ аумағында олардың орындалуын бақылайды;
-ауылдық округі әкімінің актілерінің жобаларын дайындау мақсатында барлық денгейде бірлесіп жұмыс істеу, олардан ақпараттар алу, оларды дайындау мен сараптауға қатысады;
-жергілікті қоғамдастық жиынын, қала, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын, жергілікті қоғамдастық жиналысын өткізуді ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;
-жергілікті қоғамдастық жиынында немесе жергілікті қоғамдастық жиналысында қабылданған және ауылдық округі әкімі мақұлдаған шешімдердің орындалуын қамтамасыз етеді;
- ауылдық округтің бюджетін жоспарлауды және атқаруды қамтамасыз етеді;
- жергілікті қоғамдастықтың жиналысына және аудан мәслихатына ауылдық округ бюджетінің атқарылуы туралы есепті ұсынады;
- ауылдық округтің коммуналдық мүлкіне жататын объектілерді салу, реконструкциялау және жөндеу бойынша тапсырыс беруші болу;
- жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкінің нысаналы және тиімді пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырады;
- жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларына қатысты коммуналдық меншік құқығы субъектісінің құқықтарын жүзеге асырады;
- мүлкі ауылдық округтің коммуналдық меншігіндегі (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынға алып қойылған мүлікті кейіннен баланстан шығара отырып, өзге тұлғаға бергенге дейін күтіп ұстау және оның сақталуын қамтамасыз ету мерзімін белгілейді;
- жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкінің мәселелері бойынша мемлекеттің мүдделерін білдіріп, қалалық округтің меншік (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігі) құқығын қорғауды жүзеге асырады;
- жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін сенімгерлік басқару шарты бойынша міндеттемелерді сенімгерлік басқарушының орындауын бақылауды қамтамасыз етеді;
- мүлкі ауылдық округтің коммуналдық меншігіндегі коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларының орындалуын бақылауды және талдауды жүзеге асырады;
- жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін есепке алуды ұйымдастырып, оның тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді.
- өз құзыреті шегінде жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін басқару саласындағы құқықтық актілердің жобаларын әзірлейді;
- жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларының артық, пайдаланылмайтын не мақсатқа сай пайдаланылмайтын мүлкін алып қоюды жүзеге асырады;
- жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз не кейіннен сатып алу құқығымен мүліктік жалдауға жалға алуға), сенімгерлік басқаруға береді;
- Аудан әкімімен келісу бойынша жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларын құру, қайта ұйымдастыру, атауын өзгерту және тарату туралы шешім қабылдайды;
- жергілікті өзін-өзі басқарудың мемлекеттік заңды тұлғаларының жарғысын (ережесін), оған енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды бекітеді;
- мүлкі ауылдық округтің коммуналдық меншігіндегі (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар қызметінің басым бағыттарын және бюджеттен қаржыландырылатын жұмыстарының (көрсетілетін қызметтерінің) міндетті көлемін айқындау, сонымен қатар,мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын және олардың орындалуы жөніндегі есептерді "Мемлекеттік мүлік туралы" ҚазақстанРеспубликасының Заңында көзделген жағдайларда қарап, бекітеді;
- жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін пайдалану, оның ішінде оны кепілге, жалға алуға, өтеусіз пайдалануға және сенімгерлік басқаруға беру туралы шешімдер қабылдайды;
- жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін иеліктен шығару туралы шешім қабылдайды;
- Қазақстан Республикасының заңнамасында берілген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады;
- өз құзыреті шегінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау;
- жерді пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруы.
17. Ауылдық округі әкімінің аппараты өз құзыреті шегінде:
- мемлекеттiк органдар мен басқа ұйымдардың лауазымды тұлғаларынан қажеттi ақпаратты, құжаттарды және өзге де материалдарды сұрауға және алуға;
- мүлiктiк және мүлiктiк емес құқықтарды алуға және жүзеге асыруға;
- мемлекеттік басқару органдарының, мұрағаттардың, ғылыми мекемелердің ақпараттық деректер базаларын пайдалануға;
- шарттар, келісімдер жасасуға;
- Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көзделген өзге де құқықтарға ие болуға құқығы бар.
Ауылдық округі әкімі аппаратының өз құзыреті шегіндегіміндеттері:
- қолданыстағы заңнамаға сәйкес халыққа сапалы мемлекеттік қызметтер көрсету;
- Қазақстан Республикасы Президентiнің, Yкіметінің және өзге де орталық атқарушы органдардың, облыс, аудан әкімінің және әкімдігінің, ауылдық округі әкімінің актілерi мен тапсырмаларын сапалы және уақытылы орындау;
- қолданыстағы заңнамада көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
3-тарау Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
18.Ауылдық округі әкімінің аппаратына басшылықты, округ әкімі аппаратына жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын әкім жүзеге асырады.
19.Ауылдық округі әкімінің аппаратының бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңдылықтарында көрсетілгентәртіп негізінде қызметіне тағайындалады немесе сайланады және қызметтен босатылады.
20. Ауылдық округі әкімінің аппараты бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңдылықтарында көрсетілген тәртіп негізінде қызметіне тағайындалады немесе сайланады және қызметтен босатылады.
21. Ауылдық округі әкімінің аппараты бірінші басшысының өкілеттігі:
- Ауылдық округі әкімі аппаратының жұмысын ұйымдастырады, оның қызметіне басшылық етуді жүзеге асырады;
- азаматтардың өтініштерін, арыздарын, шағымдарын қарайды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнінде шаралар қолданады;
- жергілікті қоғамдастықтың жиынында немесе жергілікті қоғамдастықтың жиналысында қабылданған шешімдерді қарайды, олардың орындалуын қамтамасыз етеді;
- бюджет қаражатын үнемдеудің және (немесе) Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заңнамасында көзделген түсімдердің есебінен еңбек шарты бойынша жұмыскерлерді қабылдайды;
- мемлекеттік мекемелердің өз иелігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түсетін ақша түсімдері мен шығыстарының жиынтық жоспарын Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жасайды және бекітеді;
- ауылдық округтiң тұрғын үй қорын түгендеуді жүргізеді;
- аудан әкімімен және жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша ауылдық округтiң авариялық тұрғын үйлерін бұзуды ұйымдастырады;
- өз құзіреті шегінде жер қатынастарын реттеуді жүзеге асырады;
- мемлекеттік жоспарлау жүйесінің бағдарламалық құжаттары аясында ауыл халқына микрокредит беруге жәрдем көрсетеді;
- Қазақстан Республикасының заңдарымен және өзге де нормативтік құқықтық актілермен жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
23.Ауылдық округі әкімі аппараты аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын Ырғайты ауылдық округі әкімі басқарады.
4-тарау.Мемлекеттік органның мүлкі.
24.Ауылдық округі әкімінің аппаратында заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Ауылдық округі әкімі аппаратының мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалайкірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
25.Ауылдық округі әкімінің аппаратына бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
26. Егер заңнамада ерекше көзделмесе, қалалық округі әкімінің аппараты өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзге де тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5-тарау.Мемлекетік органды қайта ұйымдастыру және тарату.
27.Ауылдық округі әкімінің аппаратын қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртіппен жүзеге асырылады.
Ауылдық округі әкімі аппаратының және оның ведомстволарының қарамағындағы мемлекеттік мекемелер жоқ.