Ынталы ауылдық округі әкімдігімен «Мемлекеттік көрсетілген қызметтердің сапасын ішкі бақылау бойынша жергілікті атқарушы органның жұмысы туралы есепке» талдамалық анықтама
(2026 жылдың І тоқсаны)
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 8 желтоқсандағы №78 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларына» сәйкес, есепті кезеңде Ынталы ауылдық округі бойынша 1 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
Оның ішінде:
Сонымен қатар, есепті кезеңде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Заңның, тізілімнің, қағиданың және осылардан туындайтын басқа да нормативтік-құқықтық актілердің нормаларын түсіндіру бойынша 3 іс-шара ұйымдастырылды. Аталған іс-шаралға жалпы 30 адам қатысты. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметтерге қатысты 1 – мақала Алакөл газетіне жарияланды.
Оған қоса, ауылдық округте электрондық қызметтерді дамыту мақсатында мекемеде «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы» орналастырылған, қазіргі таңда толық жұмыс жасауда.