Сайлау

2025 жылдың 13 шілдесінде Ынталы ауылдық округінде ауыл әкімін сайлау өтті. Бұл саяси науқан — еліміздің демократиялық дамуының нақты көрінісі, халықтың жергілікті басқаруға тікелей ықпал ету мүмкіндігі.

Сайлау барысында округ тұрғындары белсенділік танытып, 408 адам дауыс берді, бұл сайлаушылар тізіміндегі жалпы халықтың елеулі бөлігін құрайды. Бұл – тұрғындардың ауыл болашағына бейжай қарамайтынын және елдің қоғамдық өміріне қатысуға дайын екенін көрсетеді.

Сайлауға барлығы 3 кандидат қатысып, өз бағдарламаларын ұсынып, сайлаушылармен кездесулер өткізді. Ауыл тұрғындары үміткерлердің бастамалары мен уәделерін саралай келе, дауыс беру арқылы өз таңдауын жасады.

Сайлау нәтижесі бойынша Орынбаев Даулет Дауренулы көп дауыс жинап, Ынталы ауылдық округінің әкімі болып сайланды. Жаңа әкімге үлкен сенім жүктеліп отыр. Ендігі міндет — осы сенімді ақтау, ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуын жандандыру, халықтың әл-ауқатын арттыру бағытында нақты жұмыстар атқару.

Сайлау учаскелерінде дауыс беру ашық әрі заң талаптарына сай өткізілді. Құқықбұзушылықтар немесе ескертулер тіркелген жоқ. Бақылаушылар мен комиссия мүшелері өз міндеттерін кәсіби деңгейде орындады.

2025 жылғы ауылдық округ әкімін сайлау туралы ақпарат
Дата публикации
27 июля 2025