Округ бойынша ауыл шаруашылығы мақсатындағы 3081 га жер бар, оның 1304 игерілді оның ішінде май бұршақ 912 га егілді, жаздық арпа 66 га егілді 282 тонна өнім алынды, жаздық бидай 12 га егілді сүрлендік жүгері 80 га, көпжылдық шөп 232 га егілді, картоп 1 га егілді, көкеніс 1 га егілді.
2025 жылы асылтұқымды бұқа және қошқарлар 16 шаруа қожалығы жалға алып отыр.
Жеке меншік малдарының ұрлығының алдын алу бойынша үш жақты келісім-шарт 5 шаруа қожалығымен жасалынды. «Арсен» шаруа қожалығымен меморандум жасалынды. Аудандық ауылшаруашылық басқармасынан келген тапсырмалар уақытылы және тиянақты орындалып отырды. Аудандық статистикалық бөліміне 4 а/ш есебі азықтық дақылдар бойынша өткізілді.