Ынталы орта мектебінде 2024–2025 оқу жылында барлығы 174 оқушы білім алды. Оқу жылының қорытындысы бойынша 11-сыныпты 16 оқушы аяқтап, үлкен өмірге қадам басты. Оның ішінде 5 түлек оқу озаты ретінде “Үздік аттестатпен” марапатталды. Бұл – мектебіміздің сапалы білім беру ісіндегі табысты еңбегінің бір айғағы. Сонымен қатар, мектепалды даярлық тобын 19 бала сәтті аяқтап, 1-сыныпқа дайын екендіктерін көрсетті. Бұл болашақ оқушыларымыздың оқу үрдісіне толық дайын екендігін дәлелдейді.
2024–2025 оқу жылында Ынталы орта мектебінде әлеуметтік көмекке мұқтаж оқушылар назардан тыс қалған жоқ. Жалпыға бірдей білім беру қорынан 40 оқушыға 46 000 теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетілді. Сонымен қатар, “Мектепке жол” республикалық акциясы аясында әлеуметтік жағдайы төмен 2 оқушыға көмек көрсетілді. Жазғы демалыс кезеңінде балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында 12 оқушы “Жалын” және “Шағала” лагерлерінде тынығып, жазғы сауықтыру бағдарламаларына қатысты. Бұл балалардың денсаулығын нығайту мен олардың бос уақытын тиімді өткізуде маңызды рөл атқарды.