Құрметті ақ жаулықты әжелер, ардақты аналар, арулар!
Сіздерді шұғылалы көктемнің алғашқы мерекесі - 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз! Ана қуанышы, әйел қуанышы - әр үйдің, отбасының, Отанның мерейі.
Көктем мерекесі көңілдеріңізге қуаныш сыйлап, жүздеріңізге нұр шашсын.
Әрқашан шаңырақтарыңызда береке болып, үйіңізден жылылық кетпесін.
Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт, жанұяларыңызға береке-бірлік тілейміз!