Білім

    Білім.                                                                                                                                          Ынталы ауылында 1 жалпы білім беретін орта мектеп жұмыс істейді. «Мектепке дейінгі шағын орталығы бар Ынталы орта мектебі» КММ (қуаттылығы – 220 орын), типтік емес,  балалар саны – 180, мұғалімдер саны – 32, техперсонал – 7. 2023  оқу жылын  Ынталы орта мектебі 180 оқушы,  мектепте көп балалы 33 отбасынан 91 оқушы,  7 бала  жартылай жетім, 1 бала қамқоршылықта бар. Білім сапасы 67%. Мектеп алдына мүмкіншілігі шектеулі азаматтарға жаңа пандус орнатылған. Осы оқу жылында мектепке 32 мұғалім жұмыс жасайды, жоғары санатты- 6, 1-санатты-8, 2- санатты-8, санатсыз-7. Мектеп жанындағы шағын орталық - 20 балаға арналған орны толық қамтылды. Ынталы орта мектебі типті емес, күрделі жөндеуді қажет етеді. 2024 жылға күрделі жөндеуден өткізу жұмыстары жоспарда бар, құны  болжаммен 540 млн тенге.

 

Дата публикации
20 марта 2024