Ынталы ауылдық округінің 2023 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы және алға қойылған міндеттері.
Ауылшаруашылық саласы:
2023 жылы суармалы егін 2630 га. Онда: Май бұршақ 1335 га, арпа-210 га, жаздық бидай -34, картоп-11га, көкеніс-3 га, бақша –10га, көп жылдық шөп 465 га, жүгері 547га,қант қызылшасы -15га.
Мал шаруашылығы бойынша:
2023 жылы округ бойынша мал басы өсті. Барлық ірі-қара 2870 бас, аналық басы 1431; қой-ешкі 5190 бас, аналығы-2305 бас; жылқы 508 болып, 226 бас бие болды. Барлық құс – 500.
Ынталы ауылында бірдейлендіру бағдарламасы бойынша 1507 бас ұсақ мал, 1124 бас ірі-қара,жылқы 146 бас сырғаланды.
Ветериналдық жұмыстар бойынша: ірі-қараға 7-түрлі вакцинаға 2-рет егілді. Ұсақ малға 5-түрлі вакцина 2-рет егілді.
Қан алу көктемде және күзде жүргізілді, нәтижесінде 2023 жылы округте мал ауруынан таза.
Биыл қаңғыбас иттерді көктемде 2 рет, күзде 2 рет, 4 мәрте аудандық ветстанция мамандарымен ауланды.
2023 жылы мал азығы жем-шөп дайындауда: 150 тонна жем; 1500 жоңышқа, 1000 тоннадан аса сабан дайындалды.
Округ бойынша сырта мал үстайтын 5 шаруа қожалығы бар.
2024 жылы жайылым жерлеріндегі қыстауларын іске қосып малдарын ауылдан шығару жұмысы көзделеді.
Округке жайылымдық жердің тапшылығы орын алып отыр, оның ішінде Ынталы ауылдық округіне қарасты Тоқжайлау округінің жайылымдық жерлеріне сұранысқа 2023 жылы бірнеше азаматтар ниет білдірді.
2024 жылы Кенжехан Саттархан есімді азаматтың шаруашылығы қыстау салу жспарлап отыр.
Барлығы техникалар саны: 21-дана трактор, 8-дана комбайын, 3 -дана камаз, 1 -дана зил, 1-дана газ 53,1-дана бензавоз, 2-дана К700 және 10-дана сейлка, 23-дана соқа, 6-дана ПР-145М (рулон ) 2-дана пресс подборщик бар.
Өндіріс және шағын орта бизнес: 1 кірпіш завод ТОО «Мадияр», жұмыс күшінің жоқтығынан 2023 жылы кірпіш өндірмеді.
2024 жылы жылына 1 млн га дейін кірпіш шығару мақсатында, кірпіш зауытын қайта жаңғырту жоспарлап отыр.
Инвестициялар тарту және салынған құрылыс жұмыстары бойынша :
2023 жылы ауылда жалпы көлемі: 279 млн 50 мың тенге инвестиция тартылды, оның ішінде : Балалар саябағы – құны 18 млн тенге, модульді медициналық пункті құны - 30 млн 50 мың тенге, Желтоқсан, Ахмет Байтұрсынов көшелеріне 14 млн тенгеге көше жарық шамдары орнатылды, Ынталы ауылының арық-су жүйелеріне ағымды жөндеу жұмыстары – құны 10 млн тенге, ауылға кіретін облыстық жол, яғни Қабанбай көшесіне орта жөндеу жұмыстарының құны - 132 млн тенге, 5 млн тенгеге мәдениет үйінің ауласы абаттандырылып және сахна салынды және жеке – тұрғын үйлерді кіріске алу бойынша 3 үй салынды, құны шамамаен 70 млн тенге.
Мемлекеттік қызмет көрсету
Мемлекеттік қызмет бойынша қазіргі таңда 110 - кіріс, 250 - шығыс құжаттары айналды. 9 шешім, 56-өкім шығарылды, үй салу заңдастыруда 10 өтініш түсіп барлығы заң аясында қанағаттандырылды.
Өзіне – өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы 300-ден аса қызмет көрсетілді және жоспар бойынша мамыр айында егов бұрышын насихаттау мақсатында «Алакөл» газетіне мақала берілді.
Коммуналдық сала.
Жалпы Ынталы ауылдық округі 100 пайыз ауыз сумен қамтамасыз етілген. 2023 жылы санитарлық тазалыққа көктемгі және күзгі уақытында жасалды, абаттандыруға - 205 мың теңге.Қатты қалдық төгетін орын құжаттары биыл заңдастырылыпжәне 3-рет реттелді, өрт қауіпсіздігі сақталынып өрт тіркелмеді және биыл экономдалған қаражат көзінен 307 мың тенге бөліп, қатты қалдық орны толықтай заңдастырылды. Көше жарық шамдары ауылдың жалпы 5 көшесіне орнатылған, нақты айтқанда олар Қабанбай батыр, Мағжан Жұмабаев көшелері және биыл 2023 жылғы маусым айында сметалық құжаттары жасалынып А.Байтұрсынов, Желтоқсан көшелеріне көше жарық шамдары орнатылды, алайда артылған бағандардың болуына байланысты А.Мұқашев көшелерінеде көше жарығы іске қосып, тұрақты режиммен қосып отырмыз.
2023 жылдың мамыр айында төтенше жағдайлар бөлімі арқылы 10 млн тенге қаражат бөлініп, ауылдың арық су жүйесін жөндеу жұмыстары жүргізілді.
2023 шілде айында ауылға кіретін облыстық жол, яғни Қабанбай көшесіне орта жөндеу жұмыстары басталып, арық жүйелерінің трубалық көпірлері ауыстырылып, тас төгу, тегістеу жұмыстары аяқталды. Мердігер «Алакөл жолдары» ЖШС. Жалпы құны 132 млн млн. теңге. Сонымен қатар, 2023 жылдың тамыз айында Ынталы ауылына 3 тұрғын үйдің құрылыс жұмыстары басталып, соның ішінде бүгінгі күні 3 тұрғын үй толығымен аяқталып толығымен бітті.
2023 жылы қыркүйек айында мәдениет үйінің ауласы абаттандырылды, нақты айтқанда бетон құралдары қойылды және сахна орнатылды. Шілде айынан – қазан айы аралығында балалар саябағы (сквер) салынды, қазан айында модульді-блокты медициналық пунктін салу жұмыстары толығымен аяқталды, 23 қазан күні салтанатты ашылуы өтті.
Электрмен жабдықтау. Ауыл орталықтандырылған электрмен қамтамасыз етілген. «ТАЭТК» АҚ балансында. Ұзындығы – 15 шақырым. Ағымдағы жылдың қазан айында әкімшіліктің экономдалған қаражат көзінен Желтоқсан көшесінің тоқ желісі толықтай ауыстырылды.
Көлік және коммуникация. Ауыл ішіндегі автомобиль жолдарының ұзындығы – 7,2 шақырым, оның ішінде қатты жабындысы бар жолдар – 4,1 шақырым, топырақты жолдар – 1,2 шақырым.
Экономдалған қаражат көзінен Жеңіс көшесіне сметалық жобалық құжаттары дайындалып тиісті мекемеге өткізілді, құрылыс жұмыстары 2024 жылға жоспарланып отыр.
Әлеуметтік сала.
Халық саны 2023 жылғы 3 тоқсан қорытындысы негізінде – 711 адам, 18 нәресте дүниеге келді, 2 адам қайтас болды. 125 үй тіркелген, 197 отбасы бар.
Зейнеткерлер – 85, мүгедектігіне байланысты зейнетақы алатындар – 14. Еңбекке қабілетті адам саны – 361, экономикалық белсенді халық – 340, жұмыспен қамтылғандар – 224. Жұмыссыздар 16 адам, оның 10-і ресми тіркелгендер.Округте нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту жоспары 39 жұмыс орны - орындалғаны 41 жұмыс орны, нәтижесінде жұмыссыздық деңгейі 2,4 пайызды құрады.
4 баладан жоғары отбасылар – 57. Алтын алқа иегері-9, күміс алқа иегері-16.
Қараусыз қалған қарттар, балалар жоқ. Ауылда ата – анасыз қалған 2-баланың қамқоршы (опекун) туыстары заңмен бекітілген.
Қоғамдық жұмысқа жіберілген 6 адам, жыл бойы тұрақты ауыл ішінің тазалығын сақтады.
Атаулы әлеуметтік көмек алушылар отбасы саны 3.
«Ауыл Аманаты» мемлекеттік маңызы бар бағдарламасы бойынша 2 адам ниет білдіріп құжаттарын бастады, алайда әр түрлі себептермен ала алмай жүр.
Денсаулық сақтау.
2023 жылы ауылдық амбулаторияда диспансерлік есепте 52 адам тұрады, тегін дәрі-дәрмектерін алады. 2023 жылы 1-сынып оқушыларына манту сынамасы жасалынып, БЦЖ ревакцинациясы салынды. 1жасқа дейінгі және 1- 2,5 жас аралығындағы балаларға прафилактикалық егулер жүргізілді. Ауыл тұрғындары ерікті түрде профилактикалық тексерулерден өтті. 2023 жылы ауылда 18 бала дүниеге келді, 2 адам қайтыс болды. Бруцеллез, жұқпалы ауруымен тіркелген адамдар жоқ. Өздеріңізге мәлім алдынғы аптада салтанатты түрде модульді медициналық пунктіне жерін заңдастырып, жаңадан салдық, ашу рәсімін 23 қазан күні өткізілді. Қазіргі таңда тұрақты істеп тұр, бір ауысымда 7 келушіге дейін қабылдау өткізілуде.
Білім.
Ынталы ауылында 1 жалпы білім беретін орта мектеп жұмыс істейді.
«Мектепке дейінгі шағын орталығы бар Ынталы орта мектебі» КММ (қуаттылығы – 220 орын), типтік емес, балалар саны – 180, мұғалімдер саны – 32, техперсонал – 7. 2023 оқу жылын Ынталы орта мектебі 180 оқушы, мектепте көп балалы 33 отбасынан 91 оқушы, 7 бала жартылай жетім, 1 бала қамқоршылықта бар. Білім сапасы 67%. Мектеп алдына мүмкіншілігі шектеулі азаматтарға жаңа пандус орнатылған. Осы оқу жылында мектепке 32 мұғалім жұмыс жасайды, жоғары санатты- 6, 1-санатты-8, 2- санатты-8, санатсыз-7. Мектеп жанындағы шағын орталық - 20 балаға арналған орны толық қамтылды. Ынталы орта мектебі типті емес, күрделі жөндеуді қажет етеді.
2024 жылға күрделі жөндеуден өткізу жұмыстары жоспарда бар, құны болжаммен 540 млн тенге.