Үшбұлақ ауылдық округі әкімдігімен «Мемлекеттік көрсетілген қызметтердің сапасын ішкі бақылау бойынша жергілікті атқарушы органның жұмысы туралы есепке» талдамалық анықтама
(2024 жылдың IІ тоқсаны)
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 8 желтоқсандағы №78 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларына» сәйкес, есепті кезеңде Үшбұлақ ауылдық округі бойынша 0 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
Оның ішінде:
Сонымен қатар, есепті кезеңде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Заңның, тізілімнің, қағиданың және осылардан туындайтын басқа да нормативтік-құқықтық актілердің нормаларын түсіндіру бойынша 4 іс-шаралар ұйымдастырылды. Аталған іс-шараларға жалпы 50 адам қатысты. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметтерге қатысты 1 – мақала Алакөл газетіне жарияланды.
Оған қоса, ауылдық округте электрондық қызметтерді дамыту мақсатында, округ бойынша 2 мекемеде «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы» орналастырылған, қазіргі таңда толық жұмыс жасауда.
Есепті кезеңде аталған «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары» арқылы 20 қызмет электронды түрде көрсетілді.