Үшбұлақ ауылдық округі әкімдігімен «Мемлекеттік көрсетілген қызметтердің сапасын ішкі бақылау бойынша жергілікті атқарушы органның жұмысы туралы есепке» талдамалық анықтама
(2024 жылдың І тоқсаны)
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 8 желтоқсандағы №78 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларына» сәйкес, есепті кезеңде Үшбұлақ ауылдық округі бойынша мемлекеттік қызмет көрсетілмеді.
Оның ішінде:
Сонымен қатар, есепті кезеңде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Заңның, тізілімнің, қағиданың және осылардан туындайтын басқа да нормативтік-құқықтық актілердің нормаларын түсіндіру бойынша 3 іс-шаралар ұйымдастырылды. Аталған іс-шаралға жалпы 40 адам қатысты.
Оған қоса, ауылдық округте электрондық қызметтерді дамыту мақсатында, округ бойынша 2 мекемеде «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы» орналастырылған, қазіргі таңда толық жұмыс жасауда.
Есепті кезеңде аталған «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары» арқылы 38 қызмет электронды түрде көрсетілді.