Әкімнің сөйлеген сөздері

Үшбұлақ ауылдық округі әкімі Н.С.Кәрімовтын 2023 жылы

атқарылған жұмысы және алға қойған мақсаттары туралы

ЕСЕБІ

Құрметті  Алмас Сапарғалиұлы

Құрметті ауыл тұрғындары!

Үшбұлақ ауылдық округіне қарасты үш елді мекен бар- Айпара,Үшбұлақ, Кеңес ауылдары.

Округ бойынша   мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар 1 орта мектеп, 1-МП, 1-ФАП,  7-дүкен, 1-пошта торабы халыққа қызмет көрсетеді, сонымен қатар ауыл шаруашылығы саласы бойынша округ бойынша 21 шаруа қожалығы және "Үшбұлақ" ауылдық өндірістік коперативі жұмыс істейді.

 Ауылшаруашылық саласы

        Негізгі бағыт ауылшаруашылығы саласы болғандықтан ауылдың экономикасының негізін ауыл шаруашылығы өндірісі құрайды. Шаруа қожалықтары негізінен егін және мал шаруашылығымен айналысады. Ауылшаруашылығы  мақсатында 33834 га жер бар, оның ішінде егістік жер - 1544 га, шабындық жер 2482 - га, жайылымдық жер - 25809 га , басқа жерлер - 2849 га жерді құрайды.

Биылғы жылы -1706 га егістік жер игерілді.

Дәнді-дақылар: арпа - 1009 га,

 бидай - 500 га,

Майлы дақылдар -48 га

Көп жылдық шөп - 108 га

Картоп- 36 га

Көкөніс - 5 га жерге себіліп

Оның ішінде алынған өнім:

Арпа 1009 га, орташа  түсім  18 цт, алынған өнім 1830 тн

Бидай 500 га, орташа  түсім  8,5 цт, алынған өнім 420 тн

Лен 48 га, орташа түсім 10 цт, алынған өнім 48 тн

Көп шылдық  шөп 108 га, орташа түсім 60цт, алынған өнім 649 тн

Картоп 36 га, орташа түсім 203 цт,  алынған өнім 731 тн

Көкеніс 5 га, алынған өнім 150 тн.

     Жалпы Мал басы

Ірі қара барлығы - 2150 аналығы -1394 бас

Ұсақ мал барлығы – 4500 аналығы – 3289 бас

Жылқы барлығы – 1340 аналығы – 567 бас

Құстар барлығы – 1540 тауық - 1283

Бал ара ұясы - 583

       Үшбұлақ ауылдық округі бойынша 2023 жылы ИАС бағдарламасы бойынша ақпараттық талдау жүйесімен жұмыс атқаруға «Кенсай», «Даму», «Асқартау», «Ахан», «Айдархан», «Кенехан», «Адырбаев» шаруа қожалықтарымен жұмыс жасалып жатыр.«Адырбаев» шаруа қожалығында ірі қара тұқымын асылдандыру бағытында 5 бас «Абердин ангус» бұқалар сатып алынып,   асылдандыру жұмыстары жүргізілуде.

          Ауыл тұрғындарының шабындық жерлерінен 2482 га жерден округ бойынша мал азығы қамтамасыз етілді, жоспар бойынша 2500 тн жем-шөп, көп жылдық шөп 649 тн, 500  тн сабан мал азығы ретінде жиналып, нәтижеге қол жеткізілді.

     "Ауыл аманаты" бағдарламасы бойынша 5 адам өтінім беріп, 3 адамның құжаттары заңды түрде өтіп ақшаларын алып  бағдарлама бойынша жұмыстарын жүргізуде.

Бюджет

Жергілікті бюджеттен жалпы сомасы жылдық жоспар 37 млн. 570 мың теңге.  Аталған қаржы қажетті мақсаттарға жұмсалды. Игерілген қаржы сомасы 37 млн  570 мың теңге.

       Санитарлық  тазалық, абаттандыру  жұмыстары  бойынша арнайы жылдық жұмыс жоспары жасалып, жоспарға сәйкес Үшбұлақ  ауыл шетіндегі күл қоқыс төгетін арнайы орынға көктемгі және күзгі санитарлық тазарту жұмыстары арнайы техникалармен жүргізілді.

      Үшбұлақ ауылындағы Безродных көшесіне түнгі жарық шамдарын орнатуға сметалық құжаттары әзірленіп, 2024 жылға 33 млн 796 мың теңге қаражат бөлініп, мемлекеттік сатып алу веб порталыда  ашық конкурс арқылы  қойылды.

Салық түсімдері

Үшбұлақ ауылдық округі бойынша 2023 жылы орындалған салықтар;

Мүлік салығы 185 мың теңге  орындалғаны 187 мың 600 тг.

Көлік салығы бойынша жоспар бір жылға 2 млн 200 мың теңге  орындалғаны 2 млн 201 мың теңге .

Жалпы барлық салық сомасының  жылдық  жоспары -  2 млн 385 мың, орындалуы – 2 млн 388 мың 600 теңге.

Шағын және орта кәсіпкерлік

 Округ бойынша 7 дүкен халыққа қызмет көрсетеді, бұларда барлығы 7 адам жұмыс жасайды.

 Әлеуметтік сала бойынша

Округ бойынша  халық саны - 805 адам, оның ішінде  зейнеткерлер

саны –167,  Мүгедектер саны- 34

  • Барлық еңбекке қабілетті халық саны- 441
  • экономикалық белсенді халық саны - 379 адам,
  • жұмыспен қамтылғаны - 361
  • жалдамалы- 85
  • өзін-өзі жұмыспен қамтығандар-282
  • өзін-өзі жұмыспен нәтижелі қамтығандар - 210
  • өзін-өзі жұмыспен нәтижесіз қамтығандар - 72
  • жұмыссыз халық- 12
  • жұмыссыздық деңгейі 3,2 пайызды құрап отыр. Ашылған жұмыс орындары - 4

Үшбұлақ ауылының азаматы жеке кәсіпкер Белбеуов Талғат Жанахметұлы өз қаражаты есебінен Үшбұлақ ауылына хатымхана салып, мәдениет үйіне қазақ үй, бильярд столы, тенис столын халық игілігіне сыйға тарты. Талғаттың еңбегін ескеріп Республика күні қарсаңында "Алакөл ауданының құрметті азаматы" атағы берілді.

   Інісі Белбеуов Қанат Жанахметұлы  Үшбұлақ ауылындағы фельдшерлік акушерлік пунктке өз қаражаты есебінен жедел жәрдем көлігін сатып алып берді. Осындай азаматтар көп болса дейміз.

 Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудан  2017-2022 жылдарға арналған» бағдарламасының

1- бағыты бойынша. Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету

1 бағыты бойынша 6 адам қайта даярлау курсына жіберілді (2слесарь жөндеуші, 4тракторист,) барлығы оқуларын аяқтап, жұмысқа орналастырылды.

3-ші бағыты Әлеуметтік жұмыс орыны бойынша жоспар 3 адам, қатысып отырғандар 6 адам. Әлеуметтік жұмыс орынын ұйымдастырған «Кеңсай», "Мекен",ШҚ-ы.Қатысқан азаматтар соңынан тұрақты жұмысқа орналастырылды;«Күміс жас жобасы» бойынша жоспар 1 адам, қатысып отырғандар 5 адам.Жастар практикасына жоспар 3 адам, қатысқаны 1 адам. Ол Үшбұлақ ауылындағы мәдениет үйіне  тұрақты жұмысқа орналасты.«Алғашқы жұмыс орындары» бойынша жоспар 2 адам, қатысқаны 1 адам. Ол  Безродных атындағы орта мектебінің жанындағы шағын орталыққа тұрақты жұмысқа орналасты.

Білім саласы

 Үшбқлақ ауылдық округі бойынша Безродных атындағы орта мектеп мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар мемлекеттік мекемесі жұмыс жасайды.

Мектепте 20 бейнебақылау камералары орнатылған. Кітапхана және медициналық кабинетпен жабдықталған, интернет, Wi-Fi желілері қосылған.

          Безродных атындағы  орта мектебінде 106 оқушы, мектепалды даярлықта - 10 оқушы, шағын орталықта 1 топ - 20 бала білім алуда. Білім сапасы - 65%. 2022-2023 жылы 7-бала мектепті бітіріп, ҰБТ-ның қорытындысы бойынша орта балл - 61 % көрсетті. Мектеп бітіруші түлектердің 1-баласы мемлекеттік грантпен дәріс алуда. Мектепте 55 адам қызмет жасайды, оның ішінде 28-мұғалім.  Мектеп  13  компьютермен,  77 ноутбукпен, 2- білім букс,1-панель, 4- планшет, 10-интерактивті тақта, 2-мультимедиалық проэктор кабинеттерге орналастырылған, 3-мотификациялық кабинет бар.

Оқушылар 100 пайыз оқулықпен қамтылды.

Республикалық «Мектепке жол» акциясы аясында аудан көлеміндегі демеушілердің көмек есебінен 2 оқушыға көмек көрсетілді. Жалпы  білім беру қорынан қаржылай материалдық көмек есебінен 15 оқушыға және  64 оқушы ыстық тамақпен қамтылған.

           Кеңес ауылынан Үшбұлақ ауылына дейін 14 оқушы  4 шақырым қашықтықтан  тасымалданады.

                                          Мәдениет саласы бойынша

2023 жылы Үшбұлақ мәдениет үйінде 8- қызметкер қызмет атқаруда. Әр түрлі үйірмелер ашылып  мәдени іс-шаралар тұрақты өткізіліп тұрады. Өткізілген іс-шара 82.

Денсаулық саласы

Округ көлемінде  Кеңес ауылында  1-МП; онда 1-фельдшер, 1- санитар,1- от жағушы, Үшбұлақ ауылында 1 - ФАП; онда  1-фельдшер, 1-медбике, 1- жалпы тәжірибелік дәрігер. 1-санитар, 2-жұмысшы және 1- жедел жәрдем жүргізушісі жұмыс істейді. Барлығы - 10 адам. 2023- жылы 7- бала дүниеге келіп, 5- адам қайтыс болды. 

Мемлекеттік қызмет көрсету саласы

Үшбұлақ ауылдық округі әкімі аппараты мемлекеттік мекемесі 2023- жылы ашық әкімдік санаты бойынша тұрақты жұмыс жасауда  Бүгінгі күні әкімдікте 1 өзіне-өзі  қызмет  көрсету  бұрышы және 4 маман халыққа ашық түрде қызмет көрсетеді.

Округ тұрғындарына ЭЦҚ кілттерін ашу, соттылығының болуы немесе болмауы туралы анықтама беру, әкімшілік жауапкершілікке тартылғандығы немесе тартылмағандығы туралы анықтама, диспансерлік есепте тұрғандығы немесе тұрмағандығы туралы анықтама, тұрғылықты жері бойынша есепке тіркеу бойынша  қызметтер түрін  ала алады. 

          Азаматтар мен заңды тұлғалардан қолданыстағы заңнаманы бұзу мәселелері, сыбайлас жемқорлық сипатындағы әрекеттеріне байланысты өтініштер, қызметкерлердің әрекеттеріне шағымдар келіп түскен жоқ.

Қылмыс бойынша

2023 жылы Үшбұлақ ауылдық округінеде 1- қылмыс тіркеліп, 1- қылмыс ашылды..

 Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет!

 

 

Дата публикации
19 марта 2024