Үшбұлақ ауылдық округі бойынша Безродных атындағы орта мектеп мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар мемлекеттік мекемесі жұмыс жасайды.
Мектепте 20 бейнебақылау камералары орнатылған. Кітапхана және медициналық кабинетпен жабдықталған, интернет, Wi-Fi желілері қосылған.
Безродных атындағы орта мектебінде 106 оқушы, мектепалды даярлықта - 10 оқушы, шағын орталықта 1 топ - 20 бала білім алуда. Білім сапасы - 65%. 2022-2023 жылы 7-бала мектепті бітіріп, ҰБТ-ның қорытындысы бойынша орта балл - 61 % көрсетті. Мектеп бітіруші түлектердің 1- уі мемлекеттік грантпен дәріс алуда. Мектепте 55 адам қызмет жасайды, оның ішінде 28-мұғалім. Мектеп 13 компьютермен, 77 ноутбукпен, 2- білім букс,1-панель, 4- планшет, 10-интерактивті тақта, 2-мультимедиалық проэктор кабинеттерге орналастырылған, 3-мотификациялық кабинет бар.
Оқушылар 100 пайыз оқулықпен қамтылды.
Республикалық «Мектепке жол» акциясы аясында аудан көлеміндегі демеушілердің көмек есебінен 2 оқушыға көмек көрсетілді. Жалпы білім беру қорынан қаржылай материалдық көмек есебінен 15 оқушыға және 64 оқушы ыстық тамақпен қамтылған.
Кеңес ауылынан Үшбұлақ ауылына дейін 14 оқушы 4 шақырым қашықтықтан тасымалданады.