“КҮМІС АЛҚА” ИЕГЕРІН ҚҰТТЫҚТАДЫ
Үшарал қаласы әкімінің орынбасары А.Исатаев 6 баланы дүниеге әкелген Үшарал қаласының тұрғыны “Күміс алқа” иегері А.Шобееваны арнайы құттықтады.
А.Исатаев көп балалы анаға еліміздің демографиялық дамуына елеулі үлес қосқаны үшін алғысын білдіріп, зор денсаулық пен отбасының амандығын тіледі.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ
Кадастрлық цифрлық сервистер жаңа координаттар жүйесіне көшеді
Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры жаңа мемлекеттік координаттар жүйесі QazTRF-23-ке көшеді. Сол себепті демалыс және мереке күндері, 2026 жылғы 23 қазан сағат 19:00-ден 27 қазан сағат 00:00-ге дейін ЖМБМК мен Жария кадастрлық картасында техникалық жұмыстар жүргізіледі.
Технологиялар дамыған сайын координаттарды анықтау тәсілдері де жаңаруды қажет етеді. Бұрын координаттар спутниктік технологиялар пайда болмай тұрып жасалған әдістермен анықталса, бүгінде заманауи технологиялар бұл жұмысты дәлірек орындауға мүмкіндік береді. Жаңа координаттар жүйесіне көшу – әлемдік тәжірибе және Қазақстан да осы бағытта жұмыс жүргізіп жатыр. Осыған байланысты мемлекеттік ақпараттық жүйелердегі кеңістіктік деректер, цифрлық карталар мен сервистер жаңа координаттар жүйесіне көшіріледі.
QazTRF-23 – ескірген геодезиялық жүйелердің орнына іске қосылған заманауи әрі ашық мемлекеттік координаттар жүйесі. Оның көмегімен Қазақстан аумағындағы жер учаскесінің, ғимараттың, жолдың немесе басқа да обьектінің орналасқан жері анықталады.
Аталған күндер аралығында жер кадастрына, жылжымайтын мүлікті техникалық тексеруге және жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеуге қатысты мемлекеттік қызметтерге өтініш қабылданбайтынын ескерген жөн. Бұл ретте, жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласындағы электрондық анықтамаларды цифрлық сервистер арқылы алу мүмкіндігі сақталады.
Алдағы өзгерістерге байланысты «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы азаматтар мен ұйымдарға қажетті мемлекеттік қызметтерді алуды алдын ала жоспарлауды ұсынады. Техникалық жұмыстар аяқталғаннан кейін цифрлық сервистер әдеттегі тәртіпте жұмысын жалғастырады.
Жетісу облысында дайын құжаттарды үйге жеткізу қызметі танымал болып келеді
Жетісу облысының тұрғындары арасында Халыққа қызмет көрсету орталығында рәсімделген дайын құжаттарды үйге немесе көрсетілген мекенжайларға жеткізу қызметі танымал бола бастады.
Бүгінде дайын құжаттарды жеткізу сервисі 18 мемлекеттік қызмет бойынша қолжетімді және бұл тізім кезең-кезеңімен кеңейтілуде. Олардың қатарында жылжымайтын мүлікті тіркеу, жер учаскелеріне актілер, білім туралы құжаттарды апостильдеу, мұрағаттық анықтамалар және әскери билет телнұсқалары бар. Жетісу облысы бойынша жеткізу құны 1 036 теңгені құрайды.
Сонымен қатар, Мамандандырылған ХҚКО желісі бойынша жүргізуші куәліктерін, техпаспорттарды және мемлекеттік тіркеу нөмірлерін де үйге алдыртуға болады.
Мамандандырылған ХҚКО қызметтерінің тарифі бөлек есептеледі.
«Біздің мақсатымыз — халық үшін қолайлы жағдай жасау. Маңызды құжатты алу үшін азаматтарға енді жұмыстан сұранудың немесе жолға уақыт жұмсаудың қажеті жоқ – олар құжатты Халыққа қызмет көрсету орталығына бармай-ақ ала алады», — деп атап өтті филиал директоры Абзал Омаров.
Құжат дайын болған кезде азаматтың телефон нөміріне 1414 қызметінен арнайы сілтемесі бар SMS-хабарлама келеді. Сілтеме арқылы өтінімді толтырып, жеткізу мекенжайын көрсету қажет. Егер тапсырыс сағат 17:00-ге дейін жасалса – сол күні, ал 17:00-ден кейін жасалса – келесі жұмыс күні жеткізіледі. Жеткізу мәртебесін «ЦОН» мобильді қосымшасы арқылы бақылауға болады.
Жеке деректердің құпиялылығын қамтамасыз ету мақсатында курьер дайын құжатты жеткізу кезінде алушының жеке басын куәландыратын құжатын тексереді және 1414 нөмірінен алынған бірегей SMS-кодты сұрайды.
«Заң мен тәртіп» идеологиясы аясында кездесу өтті
Бүгін Үшарал қаласының әкімі А. Әбишев Үшарал гарнизонының Әскери полиция командирі Т. Нүсіпбеков, Үшарал пайдалану бөлімінің басшысы Е. Хожахметов және Алакөл аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің басшысы Е. Керченовпен «Заң мен тәртіп» идеологиясы аясында кездесу өткізді.
Кездесу барысында заңдылықты сақтау, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу және азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыру мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар, әскери қызметшілер арасында әскери тәртіпті нығайту, заң талаптарын сақтау, құқық бұзушылықтарға жол бермеу және жастарға патриоттық тәрбие беру бағытындағы жұмыстардың маңыздылығын атап өтті.
Жеңіс құтты болсын, Алакөл!
Жетісу облысы, Алакөл ауданының командасын шағын футболдан өткен турнирде чемпион атануларымен шын жүректен құттықтаймыз! 🥇
Бұл жеңіс – бірліктің, табандылықтың, командалық рух пен жігіттік жігердің жемісі. Алакөлдің абыройын асқақтатқан азаматтарға алғыс айтып, алдағы жарыстарда толағай табыстар мен биік белестер тілейміз!
Турнирде жеңіске үлес қосқан азаматтық қорғау қызметкерлері:
Үшарал қаласынан:
▪️ Қуаныш Ануарбеков – азаматтық қорғау аға сержанты, өрт сөндіруші;
▪️ Жарас Тайкенов – азаматтық қорғау аға сержанты, жүргізуші;
▪️ Самат Жанабаев – азаматтық қорғау аға сержанты, жүргізуші;
▪️ Ақболат Махмұт – азаматтық қорғау аға лейтенанты, №7 өрт сөндіру бөлімінің бастығының орынбасары;
▪️ Елжас Кудеров – азаматтық қорғау старшинасы, бөлімше командирі;
▪️ Дархан Әбдешов – азаматтық қорғау сержанты, бөлімше командирі;
▪️ Төлеген Салуатов – азаматтық қорғау лейтенанты, қарауыл бастығы;
▪️ Қуаныш Төлеубаев – азаматтық қорғау кіші сержанты, өрт сөндіруші.
№10 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері:
▪️ Асыл Омар – азаматтық қорғау аға лейтенанты, қарауыл бастығы;
▪️ Әділ Нұрмұхаметов – азаматтық қорғау капитаны, бөлім бастығы;
▪️ Талғат Тілеуберді – азаматтық қорғау майоры, қарауыл бастығы.
Жеңіс жолында күш-жігерін біріктірген жігіттерге алғыс білдіреміз! Алакөлдің атын асқақтатып, жеңіс тұғырынан көріне беріңіздер!
Алакөл ауданында көгалдандыру жұмыстары жалғасуда
«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бастамасы аясында Алакөл ауданында абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп келеді.
Бұған дейін де аудан аумағында ағаштар мен түрлі сәндік өсімдіктер отырғызылып, елді мекендердің көркін жақсартуға көңіл бөлінген. Бұл жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.
Кезекті көгалдандыру шарасы аясында Үшарал қаласындағы «Астана» саябағының маңына 20 түп бөртегүл отырғызылды.
Мұндай бастамалар қоршаған ортаны көркейтуге, жасыл желек көлемін арттыруға және тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыруға бағытталған.
ҮШАРАЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫН ЖЕКЕ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ҚАБЫЛДАДЫ
Үшарал қалалық округінің әкімі А.Абишев қала тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Кездесу барысында тұрғындардың тұрғын үй мәселесі, жылу мәселесі, жарық мәселесі бойынша өтініштерін назарға алып, тиісті шаралар атқарылатынын жеткізді.
Сонымен қатар, жеке қабылдау барысында көтерілген мәселелер бойынша жауапты маманға тапсырмалар берілді.
Жылыту маусымына дайындық бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізілді
2026 жылғы 7-8 қазан күндері Үшарал қаласында жылыту маусымына дайындық және өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау бағытында профилактикалық жұмыстар жүргізілді.
Іс-шараға төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері, Үшарал қалалық округінің әкімі А.Абишев, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы Е. Тұрғанов және аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері қатысты.
Жұмыс барысында Үшарал қаласындағы әлеуметтік осал санатқа жататын отбасылардың, атап айтқанда, аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың тұрғын үйлері араланып, олардың жылыту маусымына дайындығы тексерілді.
Жалпы 28 тұрғын үйде профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде 16 үй – көпбалалы отбасыларға, 12 үй – аз қамтылған отбасыларға тиесілі.
Тұрғындарға жылыту пештері мен жылыту жүйелерін қауіпсіз пайдалану, электр желілеріне түсетін жүктемені бақылау, ақаулы электр құралдарын пайдаланбау, мұржалар мен түтін шығатын жолдардың жарамдылығын қамтамасыз ету, сондай-ақ өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтау қажеттігі түсіндірілді.
Сонымен қатар, төтенше жағдайлардың алдын алу және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 28 тұрғын үйге улы газды анықтайтын 28 дана датчик орнатылды.
Қауіпсіздік талаптарын сақтау – әр азаматтың жауапкершілігі. Жылыту маусымында сақтық шараларын қатаң сақтап, өзіңіз бен жақындарыңыздың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қараңыздар!
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында елді мекеннің санитарлық тазалығы мен абаттандырылуын бақылау мақсатында Үшарал қалалық әкімдігінің ТҮКШ жөніндегі бас маманы Н.Ыбрайханов және учаскелік полиция инспекторы Д.Батырбеков орталық және ішкі көшелердің қоқыстан тазартылу деңгейін, жол жиектерінің ретке келтірілуін және тұрғын үйлердің аумақтарын таза ұстауына қатысты бақылау және түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Бақылау барысында қала тұрғындарының тұрмыстық қалдықтарды уақытылы белгіленген орынға шығаруын, арамшөптер мен ағаштарды шабу, сондай-ақ санитарлық талаптарға сәйкес келмейтін аумақтарды ретке келтіру бойынша тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Жеке тұрғын үйлердің иелеріне өздеріне тиесілі және іргелес аумақтарды таза әрі көрікті ұстау, абаттандыру жұмыстарын тұрақты жүргізу қажеттігі ескертілді.
Мемлекеттік корпорация AI & Digital Bridge 2026 форумында 1414 Бірыңғай байланыс орталығының AI-шешімдерін таныстырды
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы AI & Digital Bridge 2026 халықаралық форумында 1414 Бірыңғай байланыс орталығының жасанды интеллект негізінде әзірленген жаңа шешімдерін көпшілік назарына ұсынды.
Солардың бірі - «AI Senim» атты дауыстық AI-ассистенті. Ол азаматтарға 100-ден астам мемлекеттік қызмет бойынша кеңес беріп, қажетті ақпаратты жедел ұсынады. Бүгінде «AI Senim» ай сайын орта есеппен 25–30 мың өтінішті өңдейді. Оның 40%-ына AI-ассистенттің өзі жауап берсе, қалған 60%-ы егжей-тегжейлі кеңес алу үшін операторларға жолданады.
«Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісі заман талабына сай үздіксіз жетілдіріліп, халық үшін барынша қолайлы болып келеді. Бұдан әрі де осы бағыттағы жұмысты жалғастырып, азаматтарға қызмет көрсету сапасын арттыру үшін инновациялық шешімдерді енгізуді көздеп отырмыз. Атқарылып жатқан шаралар мемлекеттік қызметтерді алу кезінде барынша қолжетімділік пен жайлылықты қамтамасыз етуге зор үлес қосатынына сенімдімін», - дейді «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының Басқарма төрағасы Арман Кенжеғалиев.
Қазіргі таңда 1414 желісіне келіп түсетін әрбір 20-шы қоңырау AI-ассистенттің қатысуымен өңделеді. Алдағы кезеңде оның ауқымын кеңейтіп, барлық қоңырауды алдымен «AI Senim» қабылдайтындай жүйеге көшіру көзделіп отыр.
AI-ассистент азаматтың сөзін танып, сұрағының мәнін анықтайды және тиісті ақпаратты ұсынады. Қазір оның функционалын кеңейту, соның ішінде динамикалық қызметтерді іске қосу бойынша жұмыс жүргізілуде. Болашақта азаматтар тек кеңес алып қана қоймай, дауыстық ассистентпен сөйлесу барысында кейбір мемлекеттік қызметтерді бірден рәсімдей алады.
Форум барысында AI-ассистенттің жұмысын бақылауға арналған арнайы платформа да таныстырылды. Оның көмегімен нақты уақыт режимінде келіп түскен сұраныстардың саны, сөйлесу ұзақтығы және өзге де көрсеткіштер қадағаланады.
Сонымен қатар мамандар қоңырау жазбасын тыңдап, диалогтың толық мәтінін және AI-ассистент өңдеген сауалдың нәтижесін көре алады. Жаңа платформа арқылы азаматтардың сөйлесу барысындағы көңіл күйі мен тоналдылығын талдауға да мүмкіндік бар.