«Үшарал қалалық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі «Мемлекеттік көрсетілген қызметтердің сапасын ішкі бақылау бойынша жергілікті атқарушы органның жұмысы туралы есепке» талдамалық анықтама
(2026 жылдың І тоқсаны)
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 8 желтоқсандағы №78 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларына» сәйкес, «Үшарал қалалық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінде - 7 рет түсіндірме жұмыстары жүргізілді. 42 анықтама беріліп, 34 ЭЦҚ ашылды.
Жер учаскесін алу үшін кезекке тұруға 17 адам өтініш білдірді.
Жер учаскелерінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру бойынша жеке тұлғалардан 4 өтініш түсіп, 2 өтініш кері қайтарылып алынды. Заңды тұлғалар бойынша өтініш түскен жоқ.
Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу бойынша Үшарал қалалық округі әкімі аппаратына заңды тұлғалар мен жеке тұлғалар бойынша 6 өтініш түсті.
Сонымен қатар, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Заңның, тізілімнің, қағиданың және осылардан туындайтын басқа да нормативтік-құқықтық актілердің нормаларын түсіндіру бойынша 3 іс-шара ұйымдастырылды. Аталған іс-шараға жалпы 16 адам қатысты.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасы бойынша шағымдар түскен жоқ.