Теректі ауылдық округі әкімдігімен «Мемлекеттік көрсетілген қызметтердің сапасын ішкі бақылау бойынша жергілікті атқарушы органның жұмысы туралы есепке» талдамалық анықтама
(2026 жылдың І тоқсаны)
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 8 желтоқсандағы №78 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларына» сәйкес, есепті кезеңде Теректі ауылдық округі бойынша 0 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
Оның ішінде:
Сонымен қатар, есепті кезеңде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Заңның, тізілімнің, қағиданың және осылардан туындайтын басқа да нормативтік-құқықтық актілердің нормаларын түсіндіру бойынша 3 іс-шаралар ұйымдастырылды. Аталған іс-шаралға жалпы 7 адам қатысты. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметтерге қатысты 0 – мақала Алакөл газетіне жарияланды.
Оған қоса, ауылдық округте электрондық қызметтерді дамыту мақсатында, округ бойынша 2 мекемеде «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы» орналастырылған, қазіргі таңда толық жұмыс жасауда:
1 мекеме: "Теректі орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар" КММ. Есепті кезеңде аталған «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы» арқылы электронды қызмет көрсетілген жоқ.
2 мекеме: Алакөл ауданы "Теректі ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ.
Есепті кезеңде аталған «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы» арқылы 99 қызмет электронды түрде көрсетілді.