Білім саласы

Білім саласы

Өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық шақ – бұл баршамыздың ортақ міндетіміз. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: "Балаларға ерекше назар аудару керек. Себебі олардың амандығы – мемлекетіміздің жарқын болашағының сенімді кепілі", – деп атап өткен болатын.

Қамысқала ауылдық округі аумағында 1 орта мектеп жұмыс істейді. Барлығы округ бойынша 111 оқушы білім алуда, оларға 28 мұғалім сабақ береді. 

- Алакөл орта мектебінде 139 оқушы, даярлық сыныбында – 14 бала, мұғалімдер саны – 28. Шағын орталықта 15 бала тәрбиеленуде, оларға 2 тәрбиеші қызмет көрсетеді. 

 «Мектепке жол» акциясы аясында демеушілер көмегімен жалпы сомасы 247300  теңгеге 27 оқушы мектеп киімі және оқу құралдарымен қамтамасыз етілді.

Оқушылар білімді штаттық режимде алып жатыр. Қазіргі уақытта мектептер қатты және сұйық отынмен толық қамтамасыз етілген, жылыту маусымы жоспарға сәйкес өтуде.

 

Білім саласы
Дата публикации
15 сентября 2025