Мемлекеттік қызметтер бойынша IІ тоқсанға есеп

Қабанбай ауылдық округі әкімдігімен «Мемлекеттік көрсетілген қызметтердің сапасын ішкі бақылау бойынша жергілікті атқарушы органның жұмысы туралы есепке» талдамалық анықтама 

(2024 жылдың  IІ  тоқсаны)

 

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 8 желтоқсандағы №78 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларына» сәйкес, есепті кезеңде Қабанбай ауылдық округі бойынша 7 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

Оның ішінде:

  1. Жер учаскелерінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру –3
  2. Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату –0
  3. Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру –0
  4. Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу – 17

Сонымен қатар, есепті кезеңде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Заңның, тізілімнің, қағиданың және осылардан туындайтын басқа да нормативтік-құқықтық актілердің нормаларын түсіндіру бойынша  3 іс-шаралар ұйымдастырылды. Аталған іс-шаралға жалпы 47 адам қатысты.

Қазір таңда, электрондық қызметтерді дамыту, мемлекеттік қызметтерді алу кезінде ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында, ауылдық округте 1 - «Сервистік әкімдік» жұмыс жасауда.

2024 жылдың  IІ –тоқсанында аталған «Сервистік әкімдік» арқылы 1005 қызмет электронды түрде көрсетілді.

Оған қоса, ауылдық округте электрондық қызметтерді дамыту мақсатында, округ бойынша 5 мекемеде «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы» орналастырылған, қазіргі таңда толық жұмыс жасауда.

Есепті кезеңде аталған «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары» арқылы 1500 қызмет электронды түрде көрсетілді.

 

Дата публикации
09 июля 2024