Мемлекеттік қызметтерді ұсыну туралы есептер

Қабанбай ауылдық округі әкімдігімен «Мемлекеттік көрсетілген қызметтердің сапасын ішкі бақылау бойынша жергілікті атқарушы органның жұмысы туралы есепке» талдамалық анықтама 

(2024 жылдың І тоқсаны)

 

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 8 желтоқсандағы №78 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларына» сәйкес, есепті кезеңде Қабанбай ауылдық округі бойынша 7 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

Оның ішінде:

  1. Жер учаскелерінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру –
  2. Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату –
  3. Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру –
  4. Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу – 3.

Сонымен қатар, есепті кезеңде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Заңның, тізілімнің, қағиданың және осылардан туындайтын басқа да нормативтік-құқықтық актілердің нормаларын түсіндіру бойынша  3 іс-шаралар ұйымдастырылды. Аталған іс-шаралға жалпы 43 адам қатысты.

Қазір таңда, электрондық қызметтерді дамыту, мемлекеттік қызметтерді алу кезінде ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында, ауылдық округте 1 - «Сервистік әкімдік» жұмыс жасауда.

2024 жылдың І –тоқсанында аталған «Сервистік әкімдік» арқылы 700 қызмет электронды түрде көрсетілді.

Оған қоса, ауылдық округте электрондық қызметтерді дамыту мақсатында, округ бойынша 5 мекемеде «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы» орналастырылған, қазіргі таңда толық жұмыс жасауда.

Есепті кезеңде аталған «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары» арқылы 1274 қызмет электронды түрде көрсетілді.

 

 

 

 

Дата публикации
04 апреля 2024