Қабанбай ауылдық округінің әкімі Қ.Қ.Қабдылдаевтың округтегі 2023 жылдың атқарған жұмыстарының қорытындысы мен 2024 жылға атқаратын міндеттері туралы
Құрметті ауыл тұрғындары ! Жиынға қатысушылар !
2023 жылдың 12 айында округтің әлеуметтік– экономикалық жағдайы тұрақты дамып, жоспарлы түрде жұмыстар атқарылды.
Қабанбай ауылдық округінде жалпы халық саны 6695 адам, тұрғын үй саны – 1807 үй. Округ аумағының көлемі 67246 га, соның ішінде ауылшаруашылық мақсатындағы жерлер – 48425 га, елді мекен жерлері- 18821 га жерді құрайды.
2023 жыл бойынша жеке және заңды тұлғалар тарапынан
«Е- өтініш» базасы бойынша 88 өтініш тіркеліп өтініштің барлығы заңға сәйкес қаралып, орындалды. «Е- лицензиялау» программасы бойынша жер телімін нысаналы мақсатын өзгерту бойыша 38 өтініш қабылданып, барлығы на толық шешім шығып уақытында орындалды.
Құжат айналымы бойынша 179 кіріс, 344 шығыс құжаттары тіркелді.
Округ әкімдігіндегі өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы бойынша жыл бойында 2194 қызмет көрсетілген.
Ауылшаруашылығы
2023 жалға барлық егіс көлемі 6354,4 гектарды құрайды.
4129,8 га- дәнді дақылдар,
200 га –майлы дақылдар,
1888 га – Азықтық дақылдар,
137 га - картоп және көкөніс егілді.
Бүгінгі таңда 2024 жылғы 900 га күздік бидай себілді.
Дәнді дақылдардың әр гектарынан орташа 18,3 центнерден өнім алып жалпы 7565 тонна құрады,соның ішінде күздік бидай – 1157 га жиналды әр гектарынан 20,2 центнерден 2336,1 тонна өнім алында.
Арпа – 1917,8 га шабылды әр гектарынан 16,6 центнерден 3184,9 тонна өнім алынды.
Жаздық бидай 854 га әр гектарынан 19,2 центнерден 1642,1 тонна өнім алынды.
Майлы дақылдардан 200 га жиналып, әр гектарынан орташа 20 центынерден өнім алынып 400 тонна құрады, соның ішінде күнбағыс – 200 га шабылды әр гектарынан 20 центнер 400 тонна өнім алынды.
Картоп, көкеніс - 2935 тонна өнім алынды.
2024 жылға Ауыл шаруашылығы дақылдарының егістік алқабы 6355 гектарға игеріледі деп жоспарлануда.
2023-2024 жылдарға шаруашылық құрылымдары малдарымен үй тұрғындары малдарына дайындалған азық ; табиғи шөп – 14873 тонна
Сабан 2500 тонна
Пшендеме – 4300 тонна
Сүрлем – 12285 тонна
Құрама жем – 2630 тонна
Жалпы 36588 тонна жем шөп, мал азағы дайындалды.
Округ бойынша мал басы жылдан жылға өсуде. Ірі қара мал -5150 бас, ұсақ мүйізді мал- 12700 бас, жылқы -2506 бас, шошқа -268 бас, құс- 12589 бас.
Округте мал санынын өсуін орта және ірі кәсіпорындар құрайды. Олар: ШҚ «Акимбеков», ШҚ «Нағашбек», ЖШС «Сельский механизатор» және ЖШС «Тау Самал ЛТД», ЖШС «Асыл тұяқ».
Бірдейлендіру жұмысы толық атқарылуда.
«Халықтың табысын арттырудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасы» кешенді жоспарын кеңінен таратуға бағытталған «Ауыл аманаты» жобасы аясында Қабанбай ауылдық округі бойынша 11 округ тұрғындары құжаттарын өткізіп 5 тұрғын 26 млн 455 мың тенге несие алып өз кәсіптерін жалғастыруда.
Салық және бюджет
Округтегі алынатын жергілікті салықтардың барлық түсімдері 53 млн 976 мың 700 теңгені құрады.
Соның ішінде:
1.Табыс салығы 20 миллион 805 мың теңге;
4.Жер салығы 296,9 мың теңге;
5.Жеке тұлғалардың көлік құралдарының салығы 24 миллион 711 мың теңгені құрады.
Барлық салықтар түсімі 146% орындалды
Жергілікті бюджеттің жалпы жылдық жоспары 84 млн. 807 мың теңге, игерілген қаржы сомасы 83 млн 703 мың теңге, 98,7 пайыз игерілді.
|
|
Білім беру
Округте 3 орта мектеп бар. Мектептерде 92 бейнебақылау камералары орнатылған. Кітапхана және медициналық кабинетпен жабдықталған, интернет, Wi-Fi желілері қосылған. Үш мектепке де күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген, апатты жағдайда тұрған мектептер жоқ.
2023-2024 оқу жылында оқушылар саны – 1076, мектепалды даярлық тобында – 60 бала тәрбиеленуде. Оқушылар 100 пайыз оқулықпен қамтылған.
Мұғалімдер саны – 142
Қабанбай ауылында 140 орынға арналып салынған 1 мемлекеттік бала бақшасы бар, 6-топта 140 бүлдіршін тәрбиеленуде. Сонымен қатар 1 жекеменшік 50 балаға арналған «Ақтілек» балабақшасы бар. Екі топта бүгінгі күні 50 бүлдіршін тәрбиеленуде.
Сонымен қатар Қабанбай ауылында жаңадан қосымша білім беру аясында Балалар шығармашылық орталығы ашылып, 25 адам жұмыспен қамтылды. Бүгінгі таңда аталған шығармашылық орталықта 16 үйірме жұмыс жасауда.
Денсаулық сақтау саласы
Қабанбай ауылдық округінде аурухана және емхана жұмыс жасайды. Онда жұмыс істейтін қызметкерлер саны – 129 адам. Оның ішінде дәрігер – 14, фельдшер – 2, акушер – 5, медбике – 70, санитарлар – 40.
2023 жыл бойынша 70 бала туылды. Қайтыс болған адам саны – 48.
Туберкулез ауруымен 2023 жылы 7 науқас анықталды. Сарып ауруымен 5 адам тіркелді.
Күндізгі стационарда және жедел жәрдем көмегін алғандар саны 1185 адам. Оның ішінде мүгедектер саны – 48 адам.
Ауылдық ауруханадан бөлек 40 орынға арналған «Шуақ» Алакөл арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жұмыс жасайды. Мекемеде 40 адам ем алуда. Қазіргі уақытта 58 адам қызмет етеді.
Әлеуметтік сала бойынша
Жалпы округ бойынша 2023 жылда мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алушылардың саны - 209 адам 45 отбасыға тағайындалып, төленіп отырған қаражат 22 млн 350 мың теңгені құрайды.
Жыл бойында округтегі кәсіпкерлердің көмегімен округтегі тұрмысы төмен, жалғыз басты, көпбалалы 340 адамға 750 мың теңге қаражатқа азық-түліктей, ақшалай және заттай қайырымдылық көмегі көрсетілді.
Округте 149 көпбалалы ана бар, соның ішінде - 32 «Алтын алқа» иегерлері, 35 - «Күміс алқа» иегерлері .
Жол жөндеу жұмыстары бойынша
Округте 47 көше орналасқан, жалпы ұзындықтары 55,2 шақырым. Соның ішінде қатты жабынды төселгені (асфальттанғаны)- 30,1 шақырым, 25,1 шақырымы- қиыршық тасты.
2023 жылы Қабанбай ауылындағы Маметова, Абай көшелеріне мердігер компания «Аякс» ЖШС-і орта жөндеу жұмыстарын жүргізіп аяқтады. Биылғы 2024 жылға ауылдағы 4 көшеге (Б.Момышұлы, Сатпаев, Р.Қошқарбаев, С.Мұқанов ) орта жөндеу жұмыстарына 236 млн тенге қаражат бөлініп, конкурс жарияланған болатын, конкурстан мердігер компания анықталған соң аталған көшелерге асфалть төсеу жұмыстары басталатын болады. Орталық Абылайхан көшесі бойына бір жарым шақырым қашықттыққа жаяу жүргіншілер жолын (тратуар) салуға жобалық-сметалық құжаттары дайындалып, мемлекеттік сараптамадан өткізіліп қаражат бөлуге аудан әкімдігіне сұраныс берілген болатын.
Құрылыс жұмыстары бойынша
2023 жылдың тамыз айында Қабанбай ауылына 15 тұрғын үйдің құрылыс жұмыстары басталып, соның ішінде бүгінгі күні Абылайхан көшесі бойында салынған 5 тұрғын үй толығымен аяқталып, қалған Борша көшесіндегі 10 үйдің ішкі таза сылақ жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар талайдан жоспарланып келе жатқан Қабанбай ауылына 10 жалдамалы тұрғын үйдің құрылыс жұмыстары биыл басталады деп жоспарлануда, қаражат бөлінген, бүгінгі күні облыстық құрылыс басқармасы құрылысты жүргізетін мердігер компанияны анықтау үшін конкурс жариялап отыр.
2023 жылы қазан айының басында ауылдық мәдениет үйінің жылу жүйесіне 10 млн тенге қаражатқа ағымды жөндеу жұмыстары жүргізілген болатын. Және де Қабанбай ауылына спорт кешенін салу жоспарлануда, бүгінгі күні жобалық-сметалық құжаттары жасалу үстінде.
Тұрғын үй коммуналды шаруашылығы бойынша
Қабанбай ауылының ауыз су жүйесіне гелологиялық барлау жұмыстары аяқталып, жұмыс жобасын әзірлеу жүргізілуде. Мердігер «Жанекенов жобалау институты» ЖШС.
Қылмыс бойынша
Округ бойынша 2023 жылы 33 қылмыс тіркелген. 1 ашылмаған. (мал ұрлығы).
Құрметті жерлестер !
Сіздердің назарларыңызға ұсынылған 2023 жылдың атқарылған жұмыстарыдың барлық жиынтығы саралай келе , өткен кемшіліктерді ескере отырып , ел экономикасының жақсарып , халықтың әл - ауқатының артуына , ауыл тұрғындарының әлеуметтік жағдайларының көтерілуі үшін Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасы негізінде алдымызда әлі талай атқарылатын жұмыстардың, мақсаттар мен міндеттердің тұрғаны анық. Осыған байланысты бірлесе отырып тыңбай еңбек етіп, бірге үлес қосайық !
Назарларыңызға рахмет !