GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Әкім аппараты
Қызметі
Баспасөз орталығы
Контакты
Документы
Онлайн қабылдау
Все материалы
22 октября 2026
Кадастрлық цифрлық сервистер жаңа координаттар жүйесіне көшеді

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ


Кадастрлық цифрлық сервистер жаңа координаттар жүйесіне көшеді

Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры жаңа мемлекеттік координаттар жүйесі QazTRF-23-ке көшеді. Сол себепті демалыс және мереке күндері, 2026 жылғы 23 қазан сағат 19:00-ден 27 қазан сағат 00:00-ге дейін ЖМБМК мен Жария кадастрлық картасында техникалық жұмыстар жүргізіледі.

Технологиялар дамыған сайын координаттарды анықтау тәсілдері де жаңаруды қажет етеді. Бұрын координаттар спутниктік технологиялар пайда болмай тұрып жасалған әдістермен анықталса, бүгінде заманауи технологиялар бұл жұмысты дәлірек орындауға мүмкіндік береді. Жаңа координаттар жүйесіне көшу – әлемдік тәжірибе және Қазақстан да осы бағытта жұмыс жүргізіп жатыр. Осыған байланысты мемлекеттік ақпараттық жүйелердегі кеңістіктік деректер, цифрлық карталар мен сервистер жаңа координаттар жүйесіне көшіріледі.

QazTRF-23 – ескірген геодезиялық жүйелердің орнына іске қосылған заманауи әрі ашық мемлекеттік координаттар жүйесі. Оның көмегімен Қазақстан аумағындағы жер учаскесінің, ғимараттың, жолдың немесе басқа да обьектінің орналасқан жері анықталады.

Аталған күндер аралығында жер кадастрына, жылжымайтын мүлікті техникалық тексеруге және жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеуге қатысты мемлекеттік қызметтерге өтініш қабылданбайтынын ескерген жөн. Бұл ретте, жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласындағы электрондық анықтамаларды цифрлық сервистер арқылы алу мүмкіндігі сақталады.

Алдағы өзгерістерге байланысты «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы азаматтар мен ұйымдарға қажетті мемлекеттік қызметтерді алуды алдын ала жоспарлауды ұсынады. Техникалық жұмыстар аяқталғаннан кейін цифрлық сервистер әдеттегі тәртіпте жұмысын жалғастырады.

21 октября 2026
Округ әкімінің жеке қабылдауы

Қазақстан Республикасы Әділет министірінің 2023 жылғы 13 желтоқсан 899 бұйрығымен бекітілген “2024-2026 жылдарға арналған құқықтық түсіндіру жұмыстары бойынша іс-шаралар жоспарының” 30- тармағына сәйкес, Достық ауылдық округінің әкімі Е.Енсебаев ауыл тұрғындарына тегін құқықтық көмек берді. Қабылдау барысында ауыл тұрғыны жер мәселелеріне байланысты сұрақтармен жүгінді. Барлық қойылған сұрақтар заң талаптарына сәйкес түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, кеңестер берілді. 

20 октября 2026
Жетісу облысында дайын құжаттарды үйге жеткізу қызметі танымал болып келеді

Жетісу облысында дайын құжаттарды үйге жеткізу қызметі танымал болып келеді
Жетісу облысының тұрғындары арасында Халыққа қызмет көрсету орталығында рәсімделген дайын құжаттарды үйге немесе көрсетілген мекенжайларға жеткізу қызметі танымал бола бастады.
Бүгінде дайын құжаттарды жеткізу сервисі 18 мемлекеттік қызмет бойынша қолжетімді және бұл тізім кезең-кезеңімен кеңейтілуде. Олардың қатарында жылжымайтын мүлікті тіркеу, жер учаскелеріне актілер, білім туралы құжаттарды апостильдеу, мұрағаттық анықтамалар және әскери билет телнұсқалары бар. Жетісу облысы бойынша жеткізу құны 1 036 теңгені құрайды.
Сонымен қатар, Мамандандырылған ХҚКО желісі бойынша жүргізуші куәліктерін, техпаспорттарды және мемлекеттік тіркеу нөмірлерін де үйге алдыртуға болады.
Мамандандырылған ХҚКО қызметтерінің тарифі бөлек есептеледі.
«Біздің мақсатымыз — халық үшін қолайлы жағдай жасау. Маңызды құжатты алу үшін азаматтарға енді жұмыстан сұранудың немесе жолға уақыт жұмсаудың қажеті жоқ – олар құжатты Халыққа қызмет көрсету орталығына бармай-ақ ала алады», — деп атап өтті филиал директоры Абзал Омаров.
Құжат дайын болған кезде азаматтың телефон нөміріне 1414 қызметінен арнайы сілтемесі бар SMS-хабарлама келеді. Сілтеме арқылы өтінімді толтырып, жеткізу мекенжайын көрсету қажет. Егер тапсырыс сағат 17:00-ге дейін жасалса – сол күні, ал 17:00-ден кейін жасалса – келесі жұмыс күні жеткізіледі. Жеткізу мәртебесін «ЦОН» мобильді қосымшасы арқылы бақылауға болады.
Жеке деректердің құпиялылығын қамтамасыз ету мақсатында курьер дайын құжатты жеткізу кезінде алушының жеке басын куәландыратын құжатын тексереді және 1414 нөмірінен алынған бірегей SMS-кодты сұрайды.

19 октября 2026
Жасөспірімдер арасында дзюдо күресінен жарыс ұйымдастырылды

Достық ауылдық округінде дзюдо күресінен 2013-2016 жылы туылғандар жасөспірімдер арасында Алакөл ауданының біріншілігі ұйымдастырылып өткізілді. 

15 октября 2026
Округ әкімінің жеке қабылдауы

Қазақстан Республикасы Әділет министірінің 2023 жылғы 13 желтоқсан 899 бұйрығымен бекітілген “2024-2026 жылдарға арналған құқықтық түсіндіру жұмыстары бойынша іс-шаралар жоспарының” 30- тармағына сәйкес, Достық ауылдық округінің әкімі Е.Енсебаев ауыл тұрғындарына тегін құқықтық көмек берді. Қабылдау барысында ауыл тұрғыны жер мәселелеріне байланысты сұрақтармен жүгінді. Барлық қойылған сұрақтар заң талаптарына сәйкес түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, кеңестер берілді. 

09 октября 2026
Нашақорлық пен есірткі құралдарының заңсыз айналымының алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Округ әкімі аппаратының қызметкерлері нашақорлық пен есірткі бизнесінің алдын алу, есірткі құралдарының заңсыз айналымын анықтау және жолын кесу мақсатында округ аумағындағы қоғамдық тамақтану орындары мен сауда нысандарының өкілдері арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Іс-шара барысында кафе және дүкен иелері мен қызметкерлеріне есірткі құралдарының заңсыз айналымына жол бермеу, күмәнді жағдайлар анықталған кезде тиісті құқық қорғау органдарына хабарлау қажеттілігі түсіндірілді. Сонымен қатар, қолданыстағы заңнама талаптарын сақтау, есірткі құралдарын заңсыз сақтау, тарату және өткізу фактілерінің алдын алу, сондай-ақ қоғамдық орындарда құқық бұзушылықтарға жол бермеу мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Аталған іс-шараның мақсаты – кәсіпкерлік нысандары өкілдерінің құқықтық сауаттылығын арттыру, есірткі қылмыстарының алдын алу және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған профилактикалық жұмыстарды күшейту.

06 октября 2026
Округ әкімінің жеке қабылдауы

Қазақстан Республикасы Әділет министірінің 2023 жылғы 13 желтоқсан 899 бұйрығымен бекітілген “2024-2026 жылдарға арналған құқықтық түсіндіру жұмыстары бойынша іс-шаралар жоспарының” 30- тармағына сәйкес, Достық ауылдық округінің әкімі Е.Енсебаев ауыл тұрғындарына тегін құқықтық көмек берді. Қабылдау барысында ауыл тұрғыны жер мәселелеріне байланысты сұрақтармен жүгінді. Барлық қойылған сұрақтар заң талаптарына сәйкес түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, кеңестер берілді. 

05 октября 2026
Мемлекеттік корпорация AI & Digital Bridge 2026 форумында 1414 Бірыңғай байланыс орталығының AI-шешімдерін таныстырды

Мемлекеттік корпорация AI & Digital Bridge 2026 форумында 1414 Бірыңғай байланыс орталығының AI-шешімдерін таныстырды
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы AI & Digital Bridge 2026 халықаралық форумында 1414 Бірыңғай байланыс орталығының жасанды интеллект негізінде әзірленген жаңа шешімдерін көпшілік назарына ұсынды.
Солардың бірі - «AI Senim» атты дауыстық AI-ассистенті. Ол азаматтарға 100-ден астам мемлекеттік қызмет бойынша кеңес беріп, қажетті ақпаратты жедел ұсынады. Бүгінде «AI Senim» ай сайын орта есеппен 25–30 мың өтінішті өңдейді. Оның 40%-ына AI-ассистенттің өзі жауап берсе, қалған 60%-ы егжей-тегжейлі кеңес алу үшін операторларға жолданады.
«Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісі заман талабына сай үздіксіз жетілдіріліп, халық үшін барынша қолайлы болып келеді. Бұдан әрі де осы бағыттағы жұмысты жалғастырып, азаматтарға қызмет көрсету сапасын арттыру үшін инновациялық шешімдерді енгізуді көздеп отырмыз. Атқарылып жатқан шаралар мемлекеттік қызметтерді алу кезінде барынша қолжетімділік пен жайлылықты қамтамасыз етуге зор үлес қосатынына сенімдімін», - дейді «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының Басқарма төрағасы Арман Кенжеғалиев.
Қазіргі таңда 1414 желісіне келіп түсетін әрбір 20-шы қоңырау AI-ассистенттің қатысуымен өңделеді. Алдағы кезеңде оның ауқымын кеңейтіп, барлық қоңырауды алдымен «AI Senim» қабылдайтындай жүйеге көшіру көзделіп отыр.
AI-ассистент азаматтың сөзін танып, сұрағының мәнін анықтайды және тиісті ақпаратты ұсынады. Қазір оның функционалын кеңейту, соның ішінде динамикалық қызметтерді іске қосу бойынша жұмыс жүргізілуде. Болашақта азаматтар тек кеңес алып қана қоймай, дауыстық ассистентпен сөйлесу барысында кейбір мемлекеттік қызметтерді бірден рәсімдей алады.
Форум барысында AI-ассистенттің жұмысын бақылауға арналған арнайы платформа да таныстырылды. Оның көмегімен нақты уақыт режимінде келіп түскен сұраныстардың саны, сөйлесу ұзақтығы және өзге де көрсеткіштер қадағаланады.
Сонымен қатар мамандар қоңырау жазбасын тыңдап, диалогтың толық мәтінін және AI-ассистент өңдеген сауалдың нәтижесін көре алады. Жаңа платформа арқылы азаматтардың сөйлесу барысындағы көңіл күйі мен тоналдылығын талдауға да мүмкіндік бар.

05 октября 2026
Сенбілік өткізілді

Достық ауылдық округінде қоршаған ортаны абаттандыру, тазалықты сақтау және туған жерге деген жауапкершілікті арттыру мақсатында кезекті сенбілік ұйымдастырылды.

Сенбілікке ауыл тұрғындары, мекеме қызметкерлері және жастар белсенді қатысып, аумақтарды қоқыстан тазалау, арамшөптерді жинау және абаттандыру жұмыстарын жүргізді.

01 октября 2026
«Қазыналы қарттарымыз аман болсын» атты іс-шара өтті

Қарттар күніне орай Достық ауылдық округ әкімі Е.Енсебаев «Қазыналы қарттарымыз аман болсын» атты тағылымды іс-шара ұйымдастырды. Іс-шараның негізгі мақсаты – аға буын өкілдеріне құрмет көрсету, олардың өмірлік тәжірибесі мен өнегесін кейінгі ұрпаққа насихаттау, сондай-ақ қарттарға деген ізгі ниет пен қамқорлықты арттыру. Шара барысында қазыналы қарттарға жылы лебіздер айтылып, мерекелік көңіл-күй сыйланды. Ақ жаулықты әжелер мен ақ сақалды аталар өздерінің жүрекжарды тілектерін білдіріп, жастарға ақ баталарын берді. Қарияларымыздың өмір жолы – кейінгі ұрпаққа үлгі, ал олардың ақылы мен батасы – баға жетпес рухани қазына. Барша ардақты қарияларымызға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларына амандық пен бақ-береке тілейміз!

Қазыналы қарттарымыз аман болсын!

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы