Білім
Білім саласы
Бескөл ауылдық округінде білім жүйесінде 3 жалпы білім беретін мектеп, 3 мектепте 1515 оқушы, 2 балабақшада 100 бала, 85 орындық 2 шағын орталықта 71 бала тәрбиеленуде.
2025 жылы округ бойынша 90 оқушы мектепті аяқтады. Оның (36 бала грантқа түсті, 49 ақылы бөлімге), жоғарғы оқу орынан коллеждге 4 бала түсті.
Округте 3 мектеп, оның ішінде типтік - 3.
1. «Бұлақты ОМ» КММ 1976 жылы салынған, типтік ғимарат, жобалық қуаттылығы 900 орындық. Мектепте: 40 балаға 2 топ шағын орталық, 30 балаға 2 топ мектепалды даярлық тобы бар.
2. «№ 14 Бескөл ОМ» КММ 1961 жылы салынған, типтік ғимарат, жобалық қуаты 500 орындық. Мектепте: шағын орталық-30 балаға 2 топ және 40 балаға 2 топ мектепалды даярлық.
3. «Д.Қонаев атындағы ОМ» КММ 1972 жылы салынған, типтік ғимарат, жобалық қуаты 590 орындық. Мектепте: шағын орталық - 30 балаға 2 топ және 45 балаға 2 топ мектепалды даярлық.
Округтегі оқушылар саны - 1515 оқушы.
Бүгінде барлық мектептер интернет желісіне қосылған.
2 мемлекеттік балабақша жұмыс істейді: 50 орындық «Ертөстік», 1959 жылы салынған, 50 бала қамтылған және 50 орындық «Нұрай» балабақшасы, 1980 жылы салынған, 50 бала қамтылған.
Дата публикации
13 января 2026