Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары

Ауыл шаруашылығы Округ экономикасының негізгі бағытының бірі. Округте  барлығы ауыл шаруашылығына тиесілі 17 105 га жер бар, Оның  ішінде  жайылымдық – 12 078 га, шабындық – 2 797 га, суармалы жер -  3518 га.

2024 жылы осы салада өндірілген өнім көлемі 2 млдр 058 млн теңгені құрап, 2025 жылмен салыстырғанда 104 пайызға артты. Округ бойынша егістік жерлерді игеру жылдан жылға артып келеді. 2025 жылы 3518 га жер игерілді. Оның ішінде майлы дақылдар 2291 га игер игерілді, дәнді дақылдар 238 гектар, картоп, көкеніс, бақша 62 га, көп жылдық шөп – 627 гектар себілді.

         Округ бойынша күздік сүдігер 900 га, оның ішінде: терең сүдігер – 100 га жыртылды.

         Ауыл  округінің шаруа қожалықтары ауыл шаруашылығын дамытуға арналған  Мемлекеттік бағдарламаның  қолдауын көруде. "Алакөл" Кредиттік серіктестігі арқылы "Кең дала" бағдарламасымен көктемгі дала жұмыстарына 4 млн 600 мың теңгеге несие алынды, ал  "Агро бизнес" бағдарламасымен 64 млн 500 мың теңге алынды.

Округте жалпы 97 дана ауыл шаруашылығы техникалары тіркелген, оның ішінде тракторлар – 83, комбайндар – 14.

Шаруашылық құрылымдары 2025 жылы техника паркін жаңалауда лизинг компаниясы арқылы 41 млн 300 мың теңгеге 2 дана ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алынды.

Мал шаруашылық саласы да қарқында дамуда. Мал басының негізгі түрлері бойынша өсуі тұрақты. Бұл салада мал тұқымын асылдандыру, ет өндіру көлемін ұлғайту және сапасын арттыру шараларын жүзеге асыру жұмыстары жүргізілуде.

         2025 жылдың ІІ жарты жылдығына округте ірі қара - 3652 бас, (аналығы –1200 бас),  Қалмақ тұқымды мүйізді қара 50 бас ұсақ мүйізді - 3997 бас, жылқы - 973 бас, құс - 3763 дананы құрады. Ветеринария саласы  жоспарға сәйкес көктемгі қан алу жұмыстары жүргізілу үстінде. Мал басын бірдейлендіру шаралары бойынша жас туған төлдер сырғаланып, малдар туралы мәліметтер компьютерленген дерек қорға кіргізіліп және сойылып, етке өткізілген малдар дерек қордан шығарылуда.

Дата публикации
13 января 2026